Отрасли
Обсуждения
Новость
Мектепішілік «Абай оқулар» байқауы
2014 жылдың қаңтар айының 23 күні №69 мектеп – гимназиясында мектепішілік «Абай оқулары» өтті. Абай оқуларының үш кезеңіне 5 – 10 сыныптың оқушылары белсенді түрде қатысты.
2014 жылдың қаңтар айының 23 күні №69 мектеп – гимназиясында мектепішілік «Абай оқулары» өтті. Абай оқуларының үш кезеңіне 5 – 10 сыныптың оқушылары белсенді түрде қатысты.
Мектепішілік Абай оқуларының негізгі мақсаты:
- мектеп оқушылары арасында Абай шығармаларын насихаттау;
- оқушылардың сезім мәдениетін дамыту;
- оқушыларды Абай поэзиясына, ұлы ойшылдың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, тарихи танымдарын, ізгілікке, демократияға және азаматыққа бағдарланған дүниетанымдары мен сана – сезімдерін, өмірлік айқындамаларын қалыптастыру.
Мектепішілік Абай оқулары үші бөлім бойынша өткізілді:
- «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» - Абай шығармаларын (өлеңдерін, поэмаларын, қарасөздерін) жатқа, нақышына, мәнерлеп оқып, көбірек және толығымен жатқа білетін оқушы 5 «А» сынып оқушысы Закария Бақыт жоғары бағаланып, әділқазылардың көңілінен шықты.
- «Көңілін әнді ұғады» - Абай әндері мен күйлерін тамылжыта шырқаған 6 «Ә» сынып оқушысы Жандәулет Әділ жоғары бағаланды. Пән мұғалімі: Абилкасимова Күләш Нурахметовна
- «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» - жас дарындар байқауында өзінің жүрекжарды арнауын теберенте Абай тұлғасына арнап жазған 9 «Ә» сынып оқушысы Қаражанова Крестина жоғары бағаланды. Пән мұғалімі: Жексенбина Арай Балтабековна.