Отрасли
Сообщества
Новость
«Биоақпараттандыру және синергетика» - оқытудың жаңа технологиялық үрдісі
Астана қаласы Білім басқармасының 2013 жылғы 01 қарашасындағы № 594 бұйрығы негізінде қаладағы 5 мектептің бірі болып, ғалым – практик, психолог Ф.Я.Вассерманның «Биоақпараттандыру және синергетика» технологиясын эксперимент ретінде енгізіп, тәжірибелік алаң ашуға рұқсат алдық.
«Биоақпараттандыру және синергетика» технологиясының «Алгоритм», «Ауызша сабақ-1», «Ауызша сабақ-2» карталарын қолданып келеді. Аталған технологияның тиімділігі – шапалақ соғу арқылы оқушылардың зейінін бір жерге шоғырландырады, есте сақтау қабілетін дамытады, оқудағы іс - әрекеттер арқылы ойлау дағдыларын жетілдіреді, өз бетінше білім алу үрдісінде бірлесе жұмыс істеуге жетелейді. Оқытудағы тапсырмалар мазмұнының күрделілігін есептейтін формуласы ұсынылады - ол оқу материалын меңгеру деңгейі және оқу материалы мазмұнының деңгейі дифференциясы бойынша үш бірліктен тұрады. Олар: төменгі (ТКШ), аралық (АКШ) , жоғары (ЖКШ) күрделілік шегіндегі тапсырмалар. Тапсырманы орындап, аяқтау уақыты - алғашқы орындап болған 5 оқушыдан басталады, қалған оқушыларға 30 секунд уақыт беріледі. Жұмыс жасау кезінде тапсырмаларды орындау сапасының нормативтік көрсеткіштері көрсетіліп отырады, ол көрсеткіш- 63% төмен болмауы тиіс. Әр оқушының негізгі міндеті - өзінің сабаққа қатысу маңыздылығын сезінуі және тақырыпты мына формулалар бойынша меңгеруі ескеріледі, олар: «Егер-онда» формуласы грамматикалық тақырыптарды түсіндіргенде қолданылса , «Биоинтернет» картасының ұраны: «Сенде бір мүмкіндік бар – басқаларға көмек бере отырып, өзіңе көмектесу». Түсіндіру әдістерінің әр түрлілігі кластағы әрбір оқушыға тақырыпты дұрыс меңгеруіне мүмкіндік береді.
«Алгоритм» картасы жаңа материалды тиімді меңгеруге бағытталған, мұғалім тақырыпты қайталап түсіндіруі бойынша білімдерін қалыптастырады және соны толық меңгерген оқушыларды бақылайды. «Биоинтернет» картасы бойынша жұмыс жасаған кезде оқушылар бір-біріне көмек көрсету ережесі мен құндылығын түсіндіру қажет, яғни, «орындадың - түсіндіре алдың - меңгердің ». Бұл карта тақырыпты тиімді меңгеруіне, түсінікті етіп жеткізуіне көмектеседі. Әр кезеңнен кейін нәтижесі міндетті түрде тақтада көрсетіліп отырылады.
География пәні мұғалімі Гүлзира Мұратқызы Аманбаева
Орыс тілі мен әдебиет мұғалімі Рая Мұтанқызы Серікбаеваның сабағынан көрініс