Отрасли
Сообщества
Новость
Жастар – еліміздің келешегі, ал білімді жастар – мемлекетіміздің жарқын болашағы!
«Мен еліммен біргемін» атты жастар форумы
«Мен еліммен біргемін» атты жастар форумы
«Мен еліммен біргемін» атты өткен оқушылар Форумы Мектеп Парламенті өткізген жеке тұлғаның өзін -өзі іс жүзінде көрсетуі мен ары қарай дамуына ықпал етуде өзін- өзі тану балалардың танымдық қызығушылығын, олардың шығармашылық қабілеттерін, жалпы білімге икемділігін, әлеуметтенуін барынша дамыту бейімділігін қалыптастыруға алып келетіні сөзсіз. Форумға қатысқан халықаралық «Атамекен» бағдарламасының авторы, Туран университетінің доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Мұхамедрахым Қыдырбайұлы Құрсабаев қатысып, оқушыларға жалынды сөз сөйлеп, кейін Парламент мүшелерімен кездесіп, әр алуан сұрақтарына жауап берді. Осы форумға қатысқан ұстаздардың ұстазы Оралғазы ағай мектеп парламенті қатарына салтанатты қабылдау рәсімінде төсбелгісі мен көк алау байлап, қадірлі сөз сөйледі.
«Мен еліммен біргемін»
атты жастар форумы
Барысы:
1 .Фанфар
2 . Жүргізушілер (2 ұл)
3 .Ту кіреді
4 .Ән ұран айтылады
5 .Өнер шашу «Латино» биі және «Вальс» биі
6 .Мектеп парламенті шығады
7 .Өздерін таныстыру
8 .Қонақтар эмблема тағу, сөз сөйлеу
9 .Ән шашу
“Мен еліммен біргемін!” форумына қатысушылардың үндеуі
Мектеп оқушылары!
Бүгінгі таңда мемлекетімізде жастардың өз қабілеттерін шыңдауға, шығармашылық әлеуеттерін ашуға, қандай да бір батыл бастамаларын жүзеге асыруға барлық жағдай жасалған.
“Мен еліммен біргемін!” форумына қатысушылар! Біз №52 Мектеп-гимназиясының Оқушылар парламенті көтеріп отырған үндеуін қолдай отырып, осы бастама біздің жарқын болашағымызды одан әрі өркендетуге және нығайтуға, басым идеяларды іске асыруға бағытталғандығын мәлімдейміз.
Тарихи маңызы зор оқиға – ел Тәуелсіздігі 22 жылға қадам басты. Бұл айтулы белес біздің ұрпаққа үлкен жауапкершіліктер жүктейді.
Біз - мемлекеттік тілді одан әрі дамытуды, бай мәдени мұрамыз бен салт-дәстүрлерін сақтауды жақтаймыз.
Біз - әлемнің озық елдерінің стандарттарына сәйкес жаңа білімдерді игеріп, алған білімімізді Қазақстанның жедел дамуы үшін пайдалануға тиіспіз
Біз - жаңа идеяларды жүзеге асырып, әрдайым өміршең істердің бастауында тұратын боламыз.
Біз - еліміздің басты игіліктерін – татулық пен бірлікті сақтап, қорғайтын боламыз
Біздің «толық» тәрбиеміз, сапалы біліміміз, шығармашылық күш-қайратымыз бен болашаққа сеніміміз тәуелсіз Қазақстанның дамуына бағытталатын болады!
Мектеп оқушылары! Сіздерді біздің бастамаларымызды қолдауға және оларды іске асыруға белсене атсалысуға шақырамыз.
Барлық күш-жігерімізді ортақ Отанымыз – Қазақ елінің өркендеуіне жұмсайық!