Отрасли
Новость
№ 19 «Балбөбек» балабақшасында «Ертегілер еліне саяхат» оқу іс-әрекеті өтті
№ 19 «Балбөбек» балабақшасында жылдық жоспардың міндеттері мен мақсаттың орындалуына байланысты педагогикалық ұжыммен жұмыстар атқарылуда.
№ 19 «Балбөбек» балабақшасында жылдық жоспардың міндеттері мен мақсаттың орындалуына байланысты педагогикалық ұжыммен жұмыстар атқарылуда. Жас ұрпаққа адамгершілік - рухан тәрбие беру - жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі. Еліміздің болашағы - жас ұрпақты тәрбиелеуде бірінші бесік-отбасы, ата-ана тәрбиесі болса, екінші бесік –білім беру мекемесі. Балабақшамызда педагогтар тәжірибе алмасып: ашық сабақтар, сахналық көріністер, қуыршақ театрларын, ата-аналармен бірлесіп іс-шаралар т.б. ұйымдастырады.
ІІ ортаңғы топтың тәрбиешісі Жанаева Фатима көркем әдебиеттен ұйымдастырылған «Ертегілер еліне саяхат» оқу іс-әрекетінде «Мақта қыз бен мысық» ертегісін сахналық көрініспен ұщтастырып өткізді.
Айнұр Оспанбекова ересек топтың тәрбиешісі,өз балаларына білім берумен ғана шектелмей, жан-жақты дамытып, актерлік-сахналық көріністі ұйымдастыруда үлкен көңіл бөледі. Сонын бірі өткізген «Қысқы баспана» сахналық көрінісінен дәлелдеуге болады.
І ортаңғы топтың тәрбиешісі Ағыбаева Гүлшат тіл дамытудан ұйымдастырылған «Ертегілер еліне саяхат» оқу іс-әрекетінде «Мақтаншак қоян» ертегісін сахналық көрініспен байланыстырып өткізді. Балабақша тәрбиешілері баланың тілін дамытуда
және халық ауыз әдебиетін үйретуден жалықпаган –ұстаз қауымы.
Даярлық топтың тәрбиешісі Әлшурина Ботакөз
өз балаларына білім берумен ғана шектелмей, жан-жақты дамытып, актерлік-сахналық көріністі ұйымдастыруда үлкен көңіл бөледі. Сонын бірі өткізген «Жабайы қаздар» сахналық көрінісінен дәлелдеуге болады.
ІІ кіші топ тәрбиешілері Баймагамбетова Динара сәбилердің тіл дамытуда және көркем әдебиетте ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде балалардың сөйлеуін, тақпақтар, өлең шумақтарын және еркін сөйлеуін көрсетте, екінші тәрбиеші Жүсіпбекова Айнұр «Үйшік » ертегісі арқылы сахналық көрінісін ұйымдастырды. . Топ балалары жан – жақты және актерлік қабілеттері де бар екенін көрсетті.
Балабақшамыздың ен кіші «Балапан» тобы да шетте қалмады. Тәрбиешісі Терликбаева Динара сәбилердің де ертегі кейіпкерлерімен ұйымдастырылған «Шалқан» ертегісін сахналады. «Бала тілі-бал» демекші, әр топ өзінше әдемі.
Тәрбиенің бесіктен басталатының ескерсек, ата-бабадан келе жатқан дәстүрлерді ең алдымен өзіміз түсініп, балаларға оның нәрін сіңіре білсек, болашақ патриот тәрбиелесек бұл еңбегіміздің жанғаны, қосқан үлкен үлесіміз.
№ 19 «Балбөбек» балабақшасының меңгерушісі Төлеуова Алмагуль Төлеуқызы