Отрасли
Обсуждения
Новость

"Қамқорлық" акция
2014 жылдың 10 қаңтар – 10 ақпан аралығында №52 мектеп-гимназиясында жүргізілген «Қамқорлық» акция
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің 2009 жылғы 4 маусымдағы бекітілген «Қамқорлық» республикалық акциясын өткізу жөніндегі ұсынымдамасын және Астана қаласының Балалар құқықтарын қорғау жөніндегі басқармасының 2014 жылдың 06 қаңтарындағы №376-01/03 бұйрығы негізге ала отырып, №52 мектеп-гимназиясының 08.01.2014 жылы №02 бұйрығымен оқушыларды жалпыға бірдей міндетті білім беруді ұйымдастыру жөніндегі жұмыс жоспары бекітілді.
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л.С.Аппазова, тәлімгер Б.Смайлова, мектеп инспекторы А.Т.Құрмашева, әлеуметтік педагог Ә.Б.Ібікен және сынып жетекшілердің қатысуымен демалыс орындарына рейд жүргізілді.
№52 мектеп-гимназиясының шағын ауданына қарасты Оңтүстік Шығыс тұрғын үйлерінде тұратын жетім, көп балалы, аз қамтылған, толық емес отбасы, мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалардың тізімі жасалынды.
№52 мектеп-гимназиясында – 1650 оқушы білім алады. ҚР Баланың құқықтары туралы Заңының 27 бабына сәйкес жетім балалар саны – 3, оның қамқорлыққа алынғаны – 3 оқушы,оның ішінде тұлдыр жетім – 1. Бала құқықтары туралы Конвенцияның 26 бабы бойынша қаңтар-ақпан айларында «Қамқорлық» акциясы аясында барлық жетім балалар ыстық тамақпен, ай сайын жолақы билеттерімен қамтамасыз етілді. «Неке және отбасы» туралы заңының 112 бабы, Бала құқықтары туралы Конвенциясының 27 бабына сәйкес қорғаншылар мен қамқоршылар жылына 1 рет медициналық тексеруден өтіп, атқарылған жұмыстар бойынша есеп алынды. ҚР Баланың мүліктік құқықтары туралы заңының 13 бабына сәйкес жетім балалардың жәрдемақысы әр баланы күтіп бағуға, оған білім беруге және тәрбиелеуге жұмсалады.
№52 мектеп-гимназиясында білім алатын аз қамтылған отбасы оқушыларына көрсетілетін қаржылай және заттай көмек ҚР үкіметінің 25.01.2008 жылғы №64 қаулысымен бекітілген 27.07.2007 жылғы ҚР «Білім туралы» Заңының 4 бабы 21 тармағына сәйкес ұйымдастырылған. Алдағы уақытта жетім, аз қамтылған, көп балалы отбасынан шыққан оқушыларға 2014 жылдың бюджеттен қарастырылған қаржыға алынатын киім-кешектер беру жоспарлануда. Аз қамтылған, жанұя – 6. Оның ішінде балалары - 13.
№52 мектеп –гимназиясының денешынықтыру пәнінің мұғалімі Жахина Жаннаның демеушілігімен өзінің жетекшілік ететін 6 «Ғ» сыныбының барлық оқушыларына дәптер қаптағыш, галстук сатып алып берді. Сонымен қатар сыныбындағы көпбалалы отбасынан шыққан мектеп оқушысы Керімбай Жания мен оның інісі Нұрлықасымұлы Мадиге спорттық киім, екі ақ күрте, қалың кеудеше және азық-түлікпен қамтамасыз етті. Астана қаласындағы «Қызыл ай» қайырымдылық қоғамы мектебіміздің көпбалалы аз қамтылған төрт оқушысы киім-кешекпен қамтамасыз етіп, демеушілік көрсетті.
«Қамқорлық» акциясы кезінде өткен №71 мектеп-лицейінде «Дар» қайырымдылық қорының демеушілігімен аз қамтылған отбасы балаларына арналған қайырымдылық кеші өтті. Оның ішінде аз қамтылған отбасынан шыққан №52 мектеп-гимназиясы оқушылары Сәруар Нұрай мен Тұрлыбекова Айым болды.
Көп балалы отбасыда тәрбиеленетіндер-208 оқушы. 15 жасқа дейін-182, 15 жастан жоғары-26 оқушы ай сайын жолақы билетін алады. Тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген - 37 оқушы. Барлық бастауыш сыныптар мен даярлық топ оқушылары Астана қаласы білім басқармасының 27.08.2010 жылғы №527 бұйрығымен күніне 1 рет мектеп асханасынан тегін тамақтанады. Мүмкіншілігі шектеулі үйде оқытылатын - 3 оқушы. Төлеубаева Айтолқын, Олжахан Арлан, Бекбауов Сырым.
Мектебіміздің ғимаратында орналасқан «Ағылшын тілі орталығы» демеушілік қолдауымен аз қамтылған, көп балалы отбасынан шыққан 20 оқушыға ағылшын тілі үйірмесі тегін оқытылады. Күн көріс жағдайы төмен 5 оқушыны мектеп асханасын жалға алушы «Торе-М Лиметид» ЖШС демеушілік көмек ретінде тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етеді.Акция барысында ешқандай құқық бұзушылық жағдай тіркелген жоқ.
Ә.Б.Ібікен