Отрасли
Новость
Иманжүсіп Құтпанұлының туғанына 150 жыл толуына арналған музыкалы – әдеби кеш өткізілді.
Иманжүсіп Құтпанұлы
Астана қаласындағы №42 орта мектебінде Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасы және №42 орта мектеп ұжымының ұйымдастыруымен 2013 жылдың қараша айында сегіз қырлы, сан сырлы дарын иесі, әнші, ақын, композитор, жүрек жұтқан батыр, күрескер тұлға Иманжүсіп Құтпанұлының туғанына 150 жыл толуына арналған музыкалы – әдеби кеш өткізілді. Кешке қонақтар мен бірге Күйгенжар ауылының тұрғындары да қатысып, ауыл қарттары білген көргендерін айтып өз естеліктерімен көпшілікпен бөлісті.Иманжүсіп туралы кешті Қайыржан Мақанов жүргізді.
Жүргізуші алдымен Иманжүсіптің сан қырлы сал-серілік өмірімен барша көрерменді таныстырып өтті. Кеш барысында Иманжүсіптің «Ерейментау» деген әнін Данияр Мұқан, және Сарыарқаға деген сағынышқа, зарға толы ғажап әні Сарыарқаны ҚР еңбек сіңірген әртісі Гүлнар Хамзина Петр Ивановтың баянда сүйемелдеуімен орындаса,Иманжүсіптің әні «Сармойын» әнші Айтбек Нағызбаевтың орындауында шырқалды.
Сонымен қатар ,мектеп оқушылары Иманжүсіп өлеңдерін жатқа оқып берді.
Ауыл тұрғындарының ішінен Нұр Отан ХДП ң белсенді мүшесі Тұрғанбаева Рахима апайда жас ұрпаққа Иманжүсіп Құтпанұлы туралы деректер айтып,өлеңдерінен үзінді оқып берді. Кеш соңында Иманжүсіптің сан қырлы дарынын өлеңмен өрнектеп, жырлар жазған, қазіргі қазақ поэзиясының ірі өкілдерінің бірі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Серік Тұрғынбек өз өлеңдерін оқыды.