Отрасли
Обсуждения
Новость
«Өз оқытуымыздағы әрекетті зерттеу» 7 қалалық конференциясы
24 ақпан күні №48 мектеп-лицейінде "Өз оқытуымыздағы әрекетті зерттеу" атты 7 қалалық оқу конференциясы өтті. Конференцияға барлығы 60 ҚазОА мүшелері қатысты. Конференцияда "Мирас" халықаралық мектебі, №67, №27,№41,№2, 48 мектеп және Қазақ ұлттық өнер университеті жалпы білім беру мектебінің мұғалімдері өз тәжірибелерімен бөлісті.

Конференцияның мақсаты: Мұғалімдердің жаңа ізденістеріне ой толғаныс жасау арқылы, бірлесе зерттеу және кәсіби алмасу ортасын құру болды. Барлығы 6 секцияда 40 мұғалім баяндама оқыды. «Заманауи мұғалім және социум», «Мұғалім ой толғанысы: оқыту мен оқуды зерттеу», «Жазу мен оқу әрекетінің дамуға ықпалдастығы», "Мұғалімнің кәсіби тұлғасы: шеберлік және ізденіс", «Бағалау үдерісі: нәтижеге бағытталу», "ПИЗА: жаңаша көзқарас, тәжірибеге енгізу" тақырыптары бойынша 6 секцияға бөліндік.Рефлексия кезінде әр секция жетекшілері мен баяндама оқыған мұғалімдер өз идеялары мен үйренгендерін ортаға салды. "Сыни ойлауды дамыту" қоғамдық бірлестігінің директоры Назым Төкебаева жаңа ашылған сайттын презентациясын жасады, өткізілген оқу конференциялары, семинарлар, отбасылық сауаттылық клубының жұмыстарын атап өтті. Қазіргі таңдағы Астана қаласы бойынша ҚазОА мен ХалОА мүшелерін көбірек тарту туралы сөз қозғады. Конференцияның соңы "Сыни ойлайтын ұстаздар" әнін шырқаумен көңілді аяқталды. Соңынан RWCT тренерлері алдағы атқарылар іс-шаралар мен жоспарды талқылады.