Отрасли
Сообщества
Новость
Өзін-өзі тану тану-адамгершілік құндылықтардың негізі
«Өзін-өзі тану» пәнінің « Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты онкүндік
«Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасының авторы Сара Алпысқызы Назарбаеваның туған күні – мерейтойына байланысты №52 мектеп-гимназияда мерекелік іс-шаралар өткізу жоспары
№ |
Іс-шаралар |
сыныптар |
мерзімі
|
жауапты |
1 |
Онкүндіктің ашылуы Ақпараттық бұрыш ұйымдастыру |
1-4 |
03-13.02 |
Бастауыш сынып ө.ө. т. мұғалімдері |
2 |
«Алтын жүрек анамыз» С.А.Назарбаева өнегелі еңбегі туралы кітап көрмесі |
1-11 |
03-13.02 |
Кітапханашы А.Торғаева |
3 |
«Үздік өзін-өзі тану кабинеті» байқауына қатысу |
№108 |
03-13.02 |
Ж.Бекенова Б.Наурызбекова |
4 |
Оқушылардың шығармашылық жұмыстары: - Тоқыма, жапсырма т.б - сурет
|
0-4, 5-6 |
03-13.02 |
Бастауыш сыныптар Р.Болаткулова Г.Қожахметова Қ.Ахметова Б.Құттыбаева |
5 |
Әлем, бейбітшілік, адамгершілік, ана, жарасымды қарым-қатынас тақырыбында үздік шығармалар сайысы |
9-10 |
03-12.02 |
Г.Аманбаева Б.Набиева |
6 |
Спорт сарайы, ойын-сауық орталығы, кино т.б. театрларға бару |
6-8 |
03-12.02 |
Сынып жетекшілері |
7 |
Көркем сөз шеберлері сайысы: «Мейірім төгетін ана» |
5 |
06.02 |
Г.А. Махамбетова |
8 |
Ата-аналар арасында «Бірге бақыттымыз» айдарындағы фото конкурс |
1-5 |
3-13.02 |
Сынып жетекшілері |
9 |
Ашық сабақтар: |
5а, 4сағ |
08.02 |
Б.Құттыбаева |
10 |
«Татулық – достық кілті» |
7г, 3 сағ |
08.02 |
Қ.Ахметова |
11 |
«Табиғат - тал бесігің, аялай біл!» |
8ә, 5 сағ |
08.02 |
Г.Аманбаева |
12 |
«Дос болайық бәріміз!» |
3б, 4 сағ |
11.02 |
Д.Сарсенова |
13 |
«Жақсылық жасай білейік» |
4а, 3 сағ |
08/02 |
Т. Пернегүл |
15 |
«Жаным толған жақсылық» |
3ә, 4 сағ |
05/02 |
Қ. Кенішбаева |
16 |
Жабылуы. «Дөңгелек үстел» |
Сағат 12.30 |
11.02 |
Л.Аппазова А.Калин Б.Смаилова Ұ.Орынбасарова |
Директордың тәрбие ісі орынбасары Л.С. Аппазова
«Өзін-өзі тану» пәнінің « Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты онкүндік
«Өзін-өзі тану» рухани - адамгершілік білім беру жан - жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеуді көздейді. Өзін - өзі тану баланы өзінің қадірін өзі білуге , өзін сыйлауға , өзгелердің талқылауына тәуелді болмауға , өзін - өзі жетілдіруге , рухани өмірде және қоршаған өмір жағдайларында өзінің бағыт бағдарының болуына , өз бетінше шешім қабылдай алуына және өз сөзі мен әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіне білуге тәрбиелейді.
Адамгершілікті дамыту ең алғашқы кезекте адамгершілік - рухани құндылықтарды жаңғырту мен адам жанының қоршаған ортамен үйлесімді түрдегі қарым-қатынасқа қазіргі күні ерекше назарда екені баршаға мәлім. Мектебіміздіңөзін-өзі тану пәні мұғалімдері өзін – өзі тану бағытында адамгершілік және физикалық тұрғыдан үйлесімді дамуға қол жеткізу , ұлттық және жалпы адами құндылықтарды дамыту , өзара келісім мен өзара түсіністікке талпыну , мейірімділік пен адамзатқа деген сүйіспеншілікті қалыптастырып , жетілдіру мен оқушылардыңөзіндік іске асырылуына байланысты жұмыстарды ұйымдастырып өткізу әдіс - тәсілдерінің оңтайлы түрлерін үнемі іздестіруде. Осы мақсатта мектебімізде жыл сайын өткізіліп отыратын өзін – өзі тану пәні бойынша 2014 жылдың 03- 13 ақпан күндері аралығында «Өзін – өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» айдарындағы онкүндікке жоспар құрылып , іс - шаралар ұйымдастырылды.
- Мектебіміздің кіре беріс дәлізде ақпараттық бұрыш ұйымдастырылды.
- 1-4 сыныптар арасында ақпанныңүші күні салтанатты саптүзеу өткізілді.
- 1-11сыныптарда «Өзін –өзі тану әлемінде» атты шығармашылық жұмыстар конкурсы көрмесі өткізілді.
- Ата-аналармен бірлесіп «Бірге бақыттымыз» айдарындағы фото конкурс өткізілді.
- 1-11 cыныптар арасында мектеп кітапханасында «Алтын жүрек анамыз» атты кітаптар көрмесі өткізілді.\
- 9-10 сыныптар арасында «Әлем», «Бейбітшілік», «Ана», «Жарасымды қарым-қатынас» тақырыптарында оқушылардан шығармалар алынды.
Жоспар бойынша өткізілген ашық сабақтар
- 8 ақпан күндері 5 «А» сыныбында «Табиғат ғажаптары!» атты ашық сабақ өткізілді. Пән мұғалімі Құттыбаева Б.
- 7 «Г» сыныбында «Татулық – достық кілті» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Пән мұғалімі Қ.А. Ахметова
- 8 «Ә» сыныбында «Табиғат- тал бесігің , аялай біл!» тақырыбында ашық сабақ өтті. Пән мұғалімі Аманбаева Г.М.
- 3 «Б» сыныбында «Дос болайық бәріміз!», 4 «А» сыныбында «Жақсылық жасай білейік!» тақырыбында ашық сабақтар өтті. Пән мұғалімі Таубай П.
- 3 «Ә» сыныбында «Жаным толған жақсылық!» тақырыптарында ашық сабақ өткізілді. Пән мұғалімі Қ. Кенішбаева
Барлық сыныптарда « Өзін –өзі тану әлеміне саяхат»,
« Қайырымдылық таңғажайыптар сыйлайды», «Игілікті істер үшін берілген Өмір» тақырыптарындағы мейірімділік, қайырымдылық, достық пен махаббат және сүйіспеншілік туралы әңгімелер өткізіліп, қуаныш - шаттық шеңбері құрылды, балалар бір - біріне жақсылық пен шаттық тілеп, қоршаған ортаға деген мейірім - сезімдерін білдірді. Онкүндіктің бұл күні тағы да бір тамаша оқиға – адамгершілік – рухани білім беру бойынша «Өзін – өзі тану» жобасының авторы, «Қазақстандық балалардың анасы» атанған Сара Алпысқызы Назарбаеваның туған күнімен де ерекшеленеді.
3 ақпан күні барлық сыныптарда «Жүректен жүрекке» атты бірыңғай тілек –ізгілік күні өткізілді, бұл күн бір-біріне, ата-аналарға, педагогтарға жақсы тілек айтумен басталды.
Ата-аналармен бірыңғай тақырыптағы: «Әлемді бірге өзгертеміз» айдарындағы кездесулер өткізілді. Жақсы ортада , сенімді де достық жағдайда өткен бұл кездесулер басырында ата - аналарға отбасында және мектепте орын алуы мүмкін деген түрлі жағдайлар ұсынылды. Мектеп психологтары отбасындағы қарым-қатынас, бала мен ата-анасының арасындағы байланыс бойынша ата - аналарға ұсыныстар берді. Ата - аналар өз кезегінде балаларын қандай кейіпте көргісі келетіні жайында , осы арада мектептің рөлі де аз еместігі туралы пікірлерін ортаға салды.
Онкүндіктің жабылуы дөңгелек үстел барысында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л. С. Аппазова, А. Калин, Б. Смайлова., Ұ. Орынбасарованың қатысуымен «Өзін –өзі тану» пәні бойынша әзірленген портфолиолар , оқу –әдістемелік әзірлемелер мен бейнесабақтар конкурсының нәтижесі шығарылды. Аталмыш конкурс жеңімпаздары лездемеде дипломдармен және грамоталармен марапатталды.
ӘБ жетекшісі: Г.М. Аманбаева