Отрасли
Обсуждения
Новость

«Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты декада өткізілді
№59 мектеп-лицейінде «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік бағдарламасының авторы Сара Алпысқызы Назарбаеваның туған күніне арналған «Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты декаданың онкүндігі өткізілді. 3 ақпан күні декаданың ашылуы салтанатты жиын түрінде өткізілді. Оған 8-11 сынып оқушылары қатыстырылды. Онда Еліміздің бірінші ханымы туралы бейне фильм көрсетілді. Мектебіміздің өнерпаз оқушыларымен арнайы мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды.
Декаданың екінші күнін «Ашық есік күні» рухани-адамгершілік білім берумен кіріктірілген сабақтар өткізілетін күнгі іс-шараға Алматы қаласы, «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығының ұстаздары Р.А. Мұқажанова, Г.А. Омарова мен Астана қаласы Білім беру басқармасының орынбасары Қ.С.Сенгазиев қатысты. Осы қонақтармен мектебімізде кездесу өткізілді. Кездесуде №59 мектеп-лицейінің директоры Зауре Ғинаятқызы және «Бөбек» орталығынан келген қонақтарға сөз берілді.


Қазіргі кезеңде «Өзін-өзі тану» пәні «Өскелең ұрпақ бойындағы рухани -адамгершілік әлеуетті ашудағы мұғалімнің рөлі» бойынша білім берудегі жаңартылған бағдарламаның өзгерістері туралы әңгімелесті.
Декаданың үшінші күнінде «Жастай берген тәрбиенің маңызы» атты оқушылар мен ата-аналар арасында дөңгелек үстел, пікір сайыс, әңгіме сұхбат, семинар тренинг жүргізілді. Мақсаты: өзін-өзі тану арқылы рухани-адамгершілік тәрбиеге қарай бағыттау. Ата-ана мен бала арасындағы жылулықты сезінуге тәрбиелейді.
Декаданың төртінші күні «Адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек» атты «Бақытты балалық шақ» фотокөрме, «Менің қолымнан бәрі келеді» қолөнер, «Өзін-өзі тану жолында» қабырға газеттер көрмесі ұйымдастырылды. Онда оқушылардың салған суреттері, қолдан жасаған әшекей бұйымдары, сыныптастарымен бірге демалған кездеріндегі, балалық шақ кезіндегі фотоларын енгізген. Көрменің қорытындысы декаданың жабылуына арналған салатанатты жиында марапатталады.
Декаданың бесінші күні үйірме жұмыстарының сыныптан тыс іс-шараларына «Сөйлесе білу де өнер» 5- сынып, «Азбука нравственности» 6 -сынып, «Ұлтыңды сақтаймын десең, қызыңды тәрбиеле» 6-сыныпта, Қуыршақ театрының «Бауырсақ» ертегісі 2-сыныпта, «Бағалай біл барыңды» отбасы кеші 5-7 сыныптарда, «Самая читающая семья» кітапханашылар, «Кең дүние, есігіңді аш, мен келемін...» (Мұқағали пьесасының он жылдығына) арналған Астана қаласындағы Қалибек Қуанышбаев атындағы театрдың актері ТөленбаевЖанқалдыбек,актриса,ҚР мәдениет қайраткері Қылышбай Гүлбаршын, режиссер,ҚР мәдениет қайраткері Ұзақов Болат Қасымжанұлымен кездесу өтті.
Кездесу барысында оқушылар ақиық ақын М.Мақатаевтың өлеңдерін жатқа оып,поэзияғв деген сүйіспеншіліктерін байқатты.Келген қонақтар ақын Серік Тұрғынбекұлының « Мұқағали» пьесасынан үзінді көрсетті.
Декаданың алтыншы күні салауатты өмір салтын қалыптастыру аясында «Толағай» жанұялық сайыс 3-4 сынып пен 5-6 сыныптар арасында ұйымдастырылды.
Декаданың жетінші күні «Өзін-өзі тану» пәні бойынша «Мейірімділік әлемінде» атты ашық сабақтар өткізілді. Онда «Адами қарым-қатынас ізгіліктері» 9 сыныпта , «Қамқор болып өсемін» 1 «В» сыныбында, «Обал мен сауап» 2 «Е» сынып, «Смелость и решительность» 4 «Д» сынып, «Твори добро» 6 «Е» сыныптарда өткізілді.
Декаданың сегізінші күні жабылу салтанатты кеші «Бәрі де махаббаттан басталады...» атты мерекелік бағдарламамен аяқталды. Сонымен қатар газеттерге I, II, III орындар,фото бойынша әр номинациялар беріліп марапаттаулар рәсімі жасалынды.