Отрасли
Сообщества
Новость
«Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы»
Ж. Жабаев атындағы №4 мектеп – гимназиясында 2014 жылдың 14 ақпанында «Өлеңге әркімнің -ақ бар таласы» атты мектептің ақын ұстаздарымен кездесу кеші өтті. Поэзияға арналған кештің жүргізушілері мектеп оқушылары Төлекбергенова Сымбат пен Балтабай Райхан кештің райын кіргізді. Жазылбек Кудеков, Дина Кұрманалиева, Гаухар Өмірова сияқты ақын – ұстаздары көрермен қауыммен өз ойларымен бөлісті. Балалық шақ , мектептегі достық пен махаббат, ата –ан тәрбиесі, «Мәңгілік ел – ұлттық идея» секілді кең ауқымды тақырыптарда әңгіме қозғалды.
«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін
Жоқ – барды ертегіні термек үшін,
Көкірегі сезімді, тілі орамды
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін» -деп дана Абай айтқандай, ұстаздарымыздың өлеңдері біздің мектептің оқушыларынаүлгі болды. «Әке», «Әжеме арнау», «Мен қазақ болып туғаныма мақтанамын», «Әлияның ерлігі» сияқты туындылар ата –анаға, Отанға, туған жерге деген махаббаты оданәрі арттыра түседі. «Ақын жандар –халыққа жақын жандар» дегендей, өзінің жалынды жырлары арқылы, әрі ұстаздық тәрбие арқылы халықтың отансүйгіш, білімді, патриот жастарын тәрбиелеп, халық үшін қызмет етіп жүрген ақын ұстаздарымыздың «ақындық өнерін бағалайық, құрметтейік» дей отырып, осы тамаша кездесу кешті ұйымдастырушы ұстаздарға, оқушыларға алғыс білдіргіміз келеді.