Отрасли
Обсуждения
Новость
Тағылымы мол кездесу
Тағылымы мол кездесу
Ақпан айының 14-і күні Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясында Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 25 жыл толуына орай Ауғанстан соғысы ардагерлерімен кездесу өткізілді. Кездесуді Алғашқы әскери даярлық пәнінің мұғалімі запастағы майор Ерниязов Жұмабек Алиякпарұлы мен мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Әубәкір Қатима Сапарбекқызы ұйымдастырды. Кездесудің мақсаты оқушыларды отансүйгіштікке, елін қорғауға және аға буын өкілдерінің ерлік істерінен үлгі алуға тәрбиелеу.
Тағылымы мол кездесу
Ақпан айының 14-і күні Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясында Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 25 жыл толуына орай Ауғанстан соғысы ардагерлерімен кездесу өткізілді. Кездесуді Алғашқы әскери даярлық пәнінің мұғалімі запастағы майор Ерниязов Жұмабек Алиякпарұлы мен мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Әубәкір Қатима Сапарбекқызы ұйымдастырды. Кездесудің мақсаты оқушыларды отансүйгіштікке, елін қорғауға және аға буын өкілдерінің ерлік істерінен үлгі алуға тәрбиелеу.Кездесуді мектеп мұғалімі Тамбетова Жұлдыз жүргізді. Кездесуді мектеп директорының ғылыми-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары Жұмабекова Жанар Өмірханқызы ашты. Ауғанстан соғысы адагерлеріне шексіз алғыс білдіріп,сіздердің ерліктеріңіз, бүгінгі болатын келелі әңгімелеріңіз жас жеткіншектерге баға жетпес үлгі екенін жеткізді.Ауғанстанда әскери борышын өтеу кезінде қайтыс болған жауынгерлерді еске алу үшін бір минут үнсіздік жарияланды. Алғашқы сөз запастағы майор Қызыл жұлдыз орденінің иегері,қазіргі уақытта мұғалімдік қызмет атқарып жүрген Көшербаев Қайыргельді Баязитұлына берілді. Солтүстік Қазақстан обылысы, Жамбыл ауданында дүниеге келіп, орта мектеп бітірген соң 1980 жылы әскерге шақырылып,Қапшағай горнизонында Десанттық –шабуылдаушы бригадада жедел дайындықтан өтіп сол кездегі Түркімен КСР-і арқылы Ауғанстанға интернационалдық борышын орындауға барғанын,1982 жылы ауыр жараланып елге оралғанын, әскерде басынан өткізген оқиғаларды келесі ұрпақтардың басына бермесін деген тілекпен сөзін аяқтады. Екінші болып сөз алған Қызыл Жұлдыз орденінің иегері Майткенов Қуаныш Құралұлы бұрынғы Семей обылысы, Абай ауданында дүниеге келгенін, 1981 жылы әскерге шақырылып,Өскеменде 3-ай дайындықтан өткен соң ,сол кездегі Өзбек КСР-і арқылы Ауғанстанға 108-ші мотоатқыштар дивизиясында интернационалдық борышын атқарып 1983 жылы елге аман-есен оралғаны туралы, әскердегі күндері жайлы мазмұнды әңгімелеп берді. Үшінші болып сөйлеген Ерлігі үшін және Әскери қызметі үшін медальдарының иегрі Тулекбаев Мирамбек Уалиұлы Арқалық қаласында дүниеге келіп, орта мектепті бітіргенен кейін 1980 жылы әскерге шақырылып, Забайкал әскери округінде қысқа дайындықтан өткеннен кейін бұрынғы Өзбек КСР-і арқылы Ауғанстанға интернационалдық борышын атқаруға барып, 108-і мотоатқыштар дивизиясында 1982 жылға дейін болып елге аман келгені туралы айтып берді. Оқушылар ардагерлерге Ауғанстан жайлы әндер айтып,көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып,жауаптарына қанағаттанып жатты. Кездесуді мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Әубәкір Қатима Сапарбекқызы қортындылады. Ардагерлерге шексіз алғысын білдріп, осындай басқосулардың тәрбиелік маңызы зор екеніне,тоқталып,мектепте «Әскери патриоттық клуб» және «Бозбала»үйірмелері жұмысжасайтынын, оған Алғашқы әскери даярлық пәнінің мұғалімі Ерниязов Жұмабек Алиякбарұлы жетекшілік ететінін айтты. Мектеп оқушылары Республикалық әскери қолданбалы спорт түрінен 2-орын иегрі және «Әскери патриоттық клуб» жұмысына №1 сертификат тапсырылғанын, бүгінгі басқосу оқушыларға одан да зор жігер беретініне сенімді екенін жеткізді.Кездесу соңы Ауғанстан соғысы ардагерлерімен естелік суретке түсумен аяқталды.