Отрасли
Обсуждения
Новость

Дельфийлік ойындар жетістіктері
Көне Элла заманынан бастау алған Дельфийлік ойындары арқылы әлемдік мәдениетпен еліміздің байланыста болуы, Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың қолдауының арқасында жыл сайын өткізу дәстүрге айналды. 2014 жылы 14-15 ақпан аралығында өткен «Шаттық» VІІІ қалалық байқауы өнерге құштар таланттты жеткіншектер арқылы еліміздің мәдени құндылықтарын сақтау аясында өткен сайыс болды.
Көне Элла заманынан бастау алған Дельфийлік ойындары арқылы әлемдік мәдениетпен еліміздің байланыста болуы, Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың қолдауының арқасында жыл сайын өткізу дәстүрге айналды.
2014 жылы 14-15 ақпан аралығында өткен «Шаттық» VІІІ қалалық байқауы өнерге құштар таланттты жеткіншектер арқылы еліміздің мәдени құндылықтарын сақтау аясында өткен сайыс болды.
Мектебіміздің дарынды оқушылары 9 номинация бойынша 7 жанрға қатысты. Биылғы жылы оқушыларымыздың орындаушылық шеберлігі өскенінің куәсі болдық. Топ жарып, 2 алтын, 1 қола медаль мен 5 дипломант атанған жеңімпаздарымызбен олардың жетекшілерін құттықтаймыз!
«Өнер алды - қызыл тіл» деп бекер айтпаған. «Шебер қалам» номинациясы бойынша сөз өнерін меңгеріп үздік деп танылған Әлбоcын Таңнұр «Алтын медаль» иеленді. Жетекшісі: Малжанбай Азамат.
Вокал жанры бойынша былтырғы Республикалық Абай оқуларының І дәрежелі диплом иегері, «Халық әні» номинациясы бойынша топ жарған Аманбек Фариза «Алтын медаль» алды. Жетекшісі: Жолдибеков Т.С.
«Фотосурет» номинациясы бойынша қоршаған ортаның сан-алуан түстері мен сұлулығын танып өз шеберлігін көрсете алғаны үшін 9 «А» сынып оқушысы Мукушев Ақниет қола медальға ие болды. Жетекшісі: Исаканов Н.
«Шаттық» табысты болып, біздің оқушыларымыз 5 номинация бойынша дипломант атанды:
- Вокал жанры бойынша, эстрада әндерін нақышына келтіріп орындай алған 5 «А» сынып оқушысы Сабиғат Ақжол. Жетекшісі: Қалиев Е.К.
- Хор арқылы өздерінің әнге деген құштарлығын көрсету үшін тынымсыз еңбектенген 6 сыныптардың оқушылары. Жетекшісі: Тәжімбетов А.Ә.
- «Жүрегіммен театрға» номинациясы бойынша өздерінің өнерін тамаша көрсете алған драма үйірмесінің оқушылары «Емен Ұзақ жасайтын ағаш» /Авторы Ештанаев Г.Е./ қойылымын сахналады. Жетекшісі: Жолдибеков Т.С.
- «Бейнелеу өнері» номинациясы бойынша Айтжанова Әлия «Автопортреті» Дипломант атанды. Жетекшісі: Науанов Н.Т.
- «Хореография» жанры бойынша, мектептің «Мирас» би тобы биік нәтижеге жету үшін көп еңбектенді. Дипломант аталған би тобының жетер асуы әлі де болса алда деп ойлаймыз! Жетекшісі: Жүсіпов Е.Ж.
Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының мәдениет министрлігі