Отрасли
Обсуждения
Новость

«Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылдау рәсімі болып өтті...
«Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылдау рәсімі болып өтті...
Астана қаласы №51 мектеп-гимназиясының үздік, дарынды және үлгілі оқушылары Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарын толықтырды. Жүректері лүпілге толы, қуаныштан жүздері бал- бұл жайнаған оқушылар «Жас Ұлан» белгісін төсіне тақса, мойындарына байрақ түстес галстугін байлап, ант қабылдап патриоттық сезіммен бір қадам алға басқандай болды. Мерекеге ресми шақырылған қонақтар Республикалық «Жас Ұлан» әскери мектебінің қызметкері к-н М.Смағұл, «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының мүшесі қатысып ,«Жас Ұлан» қатарына қабылданушыларына тілектерін жеткізсе, кеш соңы «Жас Ұлан» жігерлі әнімен жалғасын тапты. Мектебімізде Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылдау рәсімі жоғары деңгейде өтті.
«Мен сендерге еліміздің тұғырлы
ұрпағы, тамаша кәсіп иесі, адал
патриоты болады деп үміт артамын.
Сендерді мақтан ететіндей
болайық, жас достар!»
Н.Ә.Назарбаев