Отрасли
Обсуждения
Новость

«Шаттық»
Астана қаласы білім беру мекемелерінің арасынада Астана қаласының Білім басқармасы Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының ұйымдастыруымен дәстүрлі Дельфийлік ойындар бағдарламасы бойынша «Шаттық» VIII байқауы болып өтті.
Астана қаласы білім беру мекемелерінің арасынада Астана қаласының Білім басқармасы Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының ұйымдастыруымен дәстүрлі Дельфийлік ойындар бағдарламасы бойынша «Шаттық» VIII байқауы болып өтті. Аталмыш байқауға қала мектептері мен орта білім беру мекемелерінен 6 мыңға жуық өнерпаз қатысты. Бес күнге созылған сайыс күндерінде оқушылар хор, вокал, аспап, театр, би, сурет, фотосурет сияқты жанрларда бақтарын сынады. Барлық білім беру мекемелерінің тыңғылықты дайындығының нәтижесінде байқау тартысқа толы болды. Осындай дүбірлі додаға біздің мектеп оқушылары да белсене қатысты. Атап айқанда А.Құрмашев жетекшілік еткен вокалдық топ байқаудың күміс медаль иегері атанды. Сонымен қатар хор, аспапты ансамбль, аспапты жеке орындау, сурет сайысы және театр жанрлары бойынша жақсы өнерлерімен көзге түсіп дипломмен марапатталды. Білімнің биігінде жүрген дарынды оқушыларымыз өнерден де құр алақан емес екендігін көрсетті. Байқау жүлдегерлері мен дипломанттар Байқауға қатысқан барлық өнерпаз оқушыларымызға алғыс білдіреміз.