Отрасли
Обсуждения
Новость

Әкім Ысқақпен кездесу
Ақпан айының 15 күні №48 мектеп-лицейде жазушы, ақын, “Адам іздеп жүрмін», «Жүректегі жазулар» кітаптарының авторы Әкім Ысқақпен кездесу өтті. Кездесуді қазақ тілі мен әдебиетінің жоғары санатты мұғалімі Назым Төкебаева ұйымдастырды.
Ақпан айының 15 күні №48 мектеп-лицейде жазушы, ақын, “Адам іздеп жүрмін», «Жүректегі жазулар» кітаптарының авторы Әкім Ысқақпен кездесу өтті. Кездесуді қазақ тілі мен әдебиетінің жоғары санатты мұғалімі Назым Төкебаева ұйымдастырды. «Жақсымен сөйлессең, көңілің ашылады» демекші, бұл кездесу сыры мен қыры мол үлкен өмірге аяқ басқалы отырған мектеп бітіруші түлектердің жүрегіне ерекше жылылығын ұялатқаны хақ . Оқушылар «Адам іздеп жүрмін», «Жүректегі жазулар», «Махаббат хаттары» кітаптарынан үзінділер, өлеңдер оқып, көкейлеріндегі сұрақтарына жауап алып, толғаныстарымен бөлісті. Жас ақын 11 сынып оқушысы Айымғазы Еңлік ақынға деген жыр шумақтарын оқып, көпшілікті өнерімен тәнті етті. Кеш соңында тәжірибелі ұстаз, шебер ұйымдастырушы Назым Ділтайқызы «аузы дуалы» ақыннан мектеп түлектеріне деген ақ батасын алды. Адам бойындағы ізгі қасиеттердің құдіреттілігін жырлаушы ақын өз тарапынан мектеп әкімшілігі мен оқушыларға деген ризашылығын білдіріп, өз кітаптарын мектеп кітапханасы, қазақ тілі кабиенті және жеке оқушыларға таратып, қуанышқа бөледі. Балаларымыздың сөйлеу мәдениетін жетілдіруге, рухани азықтануына себепкер болған Назым Ділтайқызына шығармашылық табыс тілейміз.