Отрасли
Обсуждения
Новость

Дарынды оқушы ұлт байлығы
26.12.2013 күні Астана қаласындағы №48 мектеп- лицейінің мәжіліс залында «Дарынды оқушы- ұлт байлығы» атты дарынды оқушылар конференциясы өтті. Оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттырып, еліміздің көшбасшысы болуға мүмкіндіктерінің бар екеніне сенімді болуына жәрдемдесу мақсатында ұйымдастырылған конференцияда 1- жартыжылдықтағы оқушылардың дарынымен жеткен жетістіктерін марапаттау, ғалымдармен кездесу ұйымдастырылды.
26.12.2013 күні Астана қаласындағы №48 мектеп- лицейінің мәжіліс залында «Дарынды оқушы- ұлт байлығы» атты дарынды оқушылар конференциясы өтті. Оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттырып, еліміздің көшбасшысы болуға мүмкіндіктерінің бар екеніне сенімді болуына жәрдемдесу мақсатында ұйымдастырылған конференцияда 1- жартыжылдықтағы оқушылардың дарынымен жеткен жетістіктерін марапаттау, ғалымдармен кездесу ұйымдастырылды. Мектебіміздегі білім мен ғылымға ұмтылған дарынды балаларды қолдап, жол көрсетіп жүрген Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғалымдары:
1. ҚР еңбегі сіңген архитекторы, Елтаңбаның авторы- Жандарбек Мәлібекұлы;
2. Филология ғылымдарының кандидаты, доцент- Омар Жәлел
3. Химия ғылымдарының кандидаты, доцент- Дүйсембиев Марат Жолдыбайұлы
4. Ғылым кандидаты- Ибраимов Жамаладин
5. Биология ғылымдарының кандидаты- Қарағойшин Жасқайыр Мұқанғалиұлы
6. Филология ғылымдарының докторы- Әбдуәли Бекжан
7. Филология ғылымдарының докторы- Дүкен Мәсімханұлы
Аталған ғалымдар дарынды оқушыларды 8 номинация бойынша марапаттады:
1) «Президент күні» мерекесі (5 оқушы), Республикалық сурет байқауының жеңімпаздары- (1 оқушы);
2) Қалалық ғылыми жоба жеңімпаздары- 16 оқушы;
3) «EXPO- 2017» мүшелері- 7 оқушы;
4) «Зерде» байқауының жеңімпаздары- 4 оқушы;
5) Аудандық пән олимпиадалары- 5 оқушы;
6) Махамбет, Сәкен, Мағжан оқулары және «Батыр өнегесі» байқауы жеңімпаздары- 7 оқушы;
7) Физика пәнінен «Эссе» сайысы және техникалық жаңалық жеңімпаздары- 6 оқушы;
8) Интеллектуалдық жарыс жеңімпаздары: «Тәуелсіздік»- 2, «Тарих»- 1, «Үздік шығарма»- 1, «Сурет» байқауы жеңімпаздары- 3 оқушы.
Ғалымдардан бөлек дарынды оқушыларды №48 мектеп- лицейінің директоры, «Қазақстан Білім беру ісінің үздігі», «Жаңашыл ұстаз», ҚР
Президентінің Алғыс хатының иегері Садықова Зәуре Жақанқызы бастаған Омарбекова Фатима Денахметқызы, Әліқұлова Ғайни Керімбаевна, Төкебаева Назым Ділтайқызы, Момынқұлова Алтын, Қуандыққызы Зағипа, Қоқанова Бәтеш Данабекқызы сынды мектептің үздік ұстаздары марапаттап, білім мен ғылым жолына сәттілік тіледі.