Отрасли
Обсуждения
Новость
Математика пәні бірлестігінің онкүндігі
20.01-30.01.2014ж. уақыт аралығында математика пәні бірлестігінің онкүндік
20.01-30.01.2014ж. уақыт аралығында математика пәні бірлестігінің онкүндігі өтті,біздің мақсатымыз оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық және танымдық іс-әрекеттерін дамыту, интеллектуалды дамуы мен олардың қабілеттерін анықтау. Бекітілген жоспарға сәйкес төрт ашық сабақ және сегіз ашық іс-шара өткізілді. Ш.Ж.Мукашева 5 «Б» сыныбында « Аралас сандарды азайту», Б.С.Шайменова 6 «Б» сыныбында « Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер», Б.Р Алимбекова 5 «А» сыныбында « Жай бөлшектер мен аралас сандарды көбейту» атты ашық сабақтарды өткізді, мұғалімдер сабақтарында « Биоақпараттану және синергетика» технологиясының «Алгоритм», картасын қолданды, үш деңгейде дифференциаланған оқу тапсырмалары арқылы білім сапасын.көтерді. А.Ә. Ахметова 10 «А» сыныбында «Туындыны табу ережелері», атты ашық сабағында Ж.Қараевтың деңгей- леп саралап оқыту технологиясын қолданды, математика сабағында оқушылардың деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыта білді. Ш.К Әбдіхалықова 9-сыныптар арасында өткізген «Математика –ғылымдар патшасы» атты интеллектуалдық ойынында оқушылардың ой-өрісін кеңейтуге, логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға әртүрлі тапсырмалар қолданды. Ш.Ж. Шоғырмақова 8- сыныптар арасында өткізген «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты математикалық интеллектуалдық ойыны өте қызықты және тартымды өтті.Сыныптардағы оқушылардың білім,білік дағдылары бірдей емес, себебі олардың білімі, қызығушылығы, қабылдауы, жұмысқа кабілеттері әртүрлі болғандықтан мұғалімдер «Қызықты математика әлемі», «Білім биржасы», «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» «Жас математиктер» атты сыныптан тыс жұмыстар арқылы олардың пәнге деген қызығушылығын арттырып,оқушылардың интеллектін, шығармашылық ойлауын, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін қалыптастыруға ықпал етті.
Мұғалімі: Абдықалықова Б.Р.
5 «Б»сынып оқушылары «Озық ойлы оқушы» ойынында өздерін ой-өрісі кең, белсенді ретінде танытты.
Білекті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар.
Қандай сынақ болсадағы беріспе,
Әрқашанда үміткерміз жеңіске,-деп 7-сынып оқушылары үнемі есептердің нақ шешімін тауып отырды.
7-сынып оқушылары математика сабағында алған білімдерін викториналық сұрақтар, ребустар, логикалық есептерді шешу кезінде қолдана білді.
Мұғалімі: Алимбекова Б.Р
Мұғалімі: Мукашева Ш.Ж
5 «А» сыныбында « Биоақпараттану және синергетика» технологиясы бойынша Нұрымбет Шұғыла « Жай бөлшектер мен аралас сандарды көбейту» тақырыбын сызба арқылы түсіндіруде.