Отрасли
Обсуждения
Новость

Қалалық байқау
Дельфийлік ойындар бағдарламасы бойынша VIII «Шаттық» қалалық байқауы 2014 жылдың 11 – 15 ақпан аралығында Астана қаласының жалпы білім беретін мектептер, гимназия, лицей, техникалық және кәсіптік лицей оқушыларының арасында өтілді.
Ұйымдастырушылар: Астана қаласының Білім беру басқармасы, Астана қаласының мектептен тыс ұйымдары - Махамбет Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайы, №1, №2 «Өнер» мектептері, №1,№2,№3 балалар музыка мектептері, балалар көркемсурет мектебі, балалар техникалық шығармашылық орталығы.

«Вокал» жанры жеке орындауда 4 «Б» сынып оқушысы Жүгінісов Мұхаммедәли Қола медаль иегері атанды. Жетекші ұстазы Ибишев Жарқын Дүйсенбайұлы.

«Хор» жанры бойынша мектеп оқушылары дипломға ие болды. Жетекшісі Мустапин Хайдар Нурмолдаевич.
«Бейнелеу» жанры бойынша 6 «А» сынып оқушысы Есенбаев Абай дипломға ие болды. Жетекші ұстаз Белгібаева Жанат Дүйсенқызы.
«Поэзия» жанры бойынша 6 «а» сынып оқушысы Бигарина Аружан өз туындысы бойынша дипломға ие болды. Жетекші ұстаз Әлімбеков Нұрсұлтан Бауыржанұлы.