Отрасли
Обсуждения
Новость

№59 мектеп-лицейі мемлекеттік мекемесінің «Жыл мұғалімі» сайысы
«Жыл мұғалімі» сайысы
№59 мектеп-лицейі мемлекеттік мекемесінде мектепішілік деңгейде «Жыл мұғалімі» сайысы болып өтті.
Сайыстың негізгі мақсаты – білім берудің басым жақтары, шығармашылықпен жұмыс жасайтын ұстаздар туралы қоғамға жариялау.
Сайыс міндеттері: - талантты, шығармашылықпен жұмыс жасайтын педагогтарды анықтау; - мұғалімдік мамандықтың мәртебесін өсіру; - алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені тарату; - кәсіби қарым-қатынастың диапазонын кеңейту. Сайысқа мектептің әдістемелік бірлестіктері атынан ұсынылған педагог қызметкерлер және өзін ұсынушылар қатысты. Сайыс екі кезең бойынша өткізілді. 1- кезеңде әдістемелік бірлестік комиссиясының іріктеуі болып өтті. 2- кезең екі күнге жоспарланып, бағдарлама бойыша өтті. 21 –ақпан күні пәндер бойынша ашық есік күні өткізілді. Кесте бойынша бір күн көлемінде ұйымдастыру комитеті сабақтарға қатысып бағасын берді. 22-ақпан күні жариялы түрде акті залында сайыс өтті. Сайысқа 7 мұғалім қатысты: Ильясова Л.О.- қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, Насырова Г.Т. - қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, Саркенова С.М.- қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, Нурмаганбетова Г.С - математика пәні мұғалімі, Салхаева Д.У. – математика пәні мұғалімі, Измуханова Л.А.- ағылшын тілі пәні мұғалімі, Турмаганбетова А.Т. - музыка пәні мұғалімі.
Сайыс 5 кезеңнен тұрды.
- Презентация. Өзін-өзі таныстыру немесе ұжымның, оқушыларының қолдауы арқылы.
- Буклет.
1) А3 форматта.Өз білімін жетілдіру тақырыбы, мақсат, міндеті. Оқушыларының жетістіктері, білім көрсеткіштері, мұғалімнің қалалық деңгейдегі жетістіктері, фото суреттер.
2) Эссе «Ұстаз- оқушыны шабыттандырушы»;
3) Альбом. «Мен және менің оқушыларым», кітап ретінде шығарылған.
3.Ата-аналар мен оқушылар пікірі, видео түсірілім 2-3 минут.
- Әр қырлы ұстаз. Өз өнерін көрсету. Ән,би, шығармашылық жұмыс, театрлық қойылым.
- Ситуациялық жағдайды шешу.
Сайыс мазмұнына сай мұғалімдердің жұмысына баға берілді, сабақ беру әдістемесінің деңгейі, ғылыми-әдістемелік құзіреттілігі анықталды, оқытудың жаңа әдіс тәсілдерін пайдалануы анықталды.
Сайысқа қатысушы мұғалімдердің интеллектуалдық дамуы және педагогикалық шеберлігі; пән бойынша білімі, сабақ беру әдістемесі; жаңа педагогикалық технологияларды пайдалануы; тәрбиенің және оқудың тиімді жолдарын енгізуі(АРББ-НДО); педагогикалық ситуацияны шешу шеберлігі және оқушының психологиялық жағдайын түсінуі; мәдениеті мен құжаттардағы, материалдардағы эстетикалық көркемдігі бағаланды. Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып 3 мұғалім жүлделі орындарға ие болды.
1-орын- Салхаева Дана Уйсинбаева
2-орын- Измуханова Лаура Әділғалиқызы
3-орын -Нурмуханбетова Гулшат Сагишевна
Сайысқа қатысушы мұғалімдер пән бірлестіктерінің атынан және кәсіподақ ұйымының атынан бағалы сыйлықтармен марапатталды.