Отрасли
Сообщества
Новость
Астана қаласының №46«Самал» санаторлық балабақшасында кездесу өткізілді
Ұрпаққа өмір жолың өнеге боп, тарихта ардагерлер асқан бағаң – деп, батылдық пен ерліктің еренүлгісін көрсеткен ауған соғысы ардагерлерімен ақпан айының 13 жұлдызы күні Астана қаласының №46«Самал» санаторлық балабақшасында кездесу өткізілді.
Ұрпаққа өмір жолың өнеге боп,
Тарихта ардагерлер асқан бағаң – деп, батылдық пен ерліктің еренүлгісін көрсеткен ауған соғысы ардагерлерімен ақпан айының 13 жұлдызы күні Астана қаласының №46«Самал» санаторлық балабақшасында кездесу өткізілді. Бұл кеш Ауған жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 25 жыл толуына орай «Ерлік – жан дүниенің қасиеті» атты тақырыппен ұйымдастырылды. Осы кешке арнайы қонақ болып келген: Бисекеев Ғалы Астана қаласының «Ауғанстан соғысы мүгедектері мен ардагерлері одағы» қоғамдық бірлестігі төрағасының бірінші орынбасары, Мяслев Бауыржан Астана қаласының «Ауғанстан соғысы мүгедектері мен ардагерлері одағы» қоғамдық бірлестігі төрағасының бірінші орынбасары, Тулекпаев Мейрамбек Астана қаласының «Ауғанстан соғысы мүгедектері мен ардагерлері одағы» қоғамдық бірлестігінің белсенді мүшесі, Майтканов Қуаныш Астана қаласының «Ауғанстан соғысы мүгедектері мен ардагерлері одағы» қоғамдық бірлестігінің белсенді мүшесі, Баяхметов Бағлан Астана қаласының «Ауғанстан соғысы мүгедектері мен ардагерлері одағы» қоғамдық бірлестігінің белсенді мүшесі, Жабай Нұрмақұлы ҚалиевҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Мемлекет тарихы институты» мемлекеттік мекемесінің Отан тарихы, тарихнама және деректану бөлімінің меңгерушісі, Бликова Жанна Байдаулетовна Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Мектепке дейінгі балалық шақ» Республикалықорталығы.
Балабақша тәрбиешілері ұйымдастырған «Ерлікпен оралған батыр» атты қойылым тамашаланды. Қонақтармен сұхбат жүргізілді. Кеш соңы әнмен жалғасты. Осы мерекеге орай кеш қонақтарына гүл шоқтары мен шағын сыйлықтар табысталды.
Балабақша тәрбиешілері ұйымдастырған «Ерлікпен оралған батыр» атты қойылым тамашаланды. Қонақтармен сұхбат жүргізілді. Кеш соңы әнмен жалғасты. Осы мерекеге орай кеш қонақтарына гүл шоқтары мен шағын сыйлықтар табысталды.