Отрасли
Обсуждения
Новость
Топсеруен
2014 жылдың қаңтар айының 27-ші жұлдызында оқу бағдарламасының кезекті саны бойынша 6-сынып оқушыларымен топсеруен сабағы болып өтті.Сабақты жүргізген химия және биология пәнінің мұғалімім Жүсіпова Айнұр Тыныбекқызы. Топсеруен сабағының тақырыбы:« Қылқан жапырақты өсімдіктердің бүрлері мен тұқымдарының құрылысын зерттеп білу».
Мақсаты: Оқушыларға танымдық-ақпараттық деректер жасай отырып, олардың қылқан жапырақты өсімдіктердің құрылысы мен бүрлерінің және тұқымдарының құрылысымен таныстыра отырып, олардың өз көздерімен көрген жұмыстары арқылы ой -түйіндеп, оларды шығармашылық ізденістерге баулу.
2014 жылдың қаңтар айының 27-ші жұлдызында оқу бағдарламасының кезекті саны бойынша 6-сынып оқушыларымен топсеруен сабағы болып өтті.Сабақты жүргізген химия және биология пәнінің мұғалімім Жүсіпова Айнұр Тыныбекқызы.
Топсеруен сабағының тақырыбы:« Қылқан жапырақты өсімдіктердің бүрлері мен тұқымдарының құрылысын зерттеп білу».
Мақсаты: Оқушыларға танымдық-ақпараттық деректер жасай отырып, олардың қылқан жапырақты өсімдіктердің құрылысы мен бүрлерінің және тұқымдарының құрылысымен таныстыра отырып, олардың өз көздерімен көрген жұмыстары арқылы ой -түйіндеп, оларды шығармашылық ізденістерге баулу.
Сабақтың барысында оқушылар әсем табиғат аясында қылқан жапырақты ағаштардың түрлері мен олардың бүрлері, тұқымдарының құрылысы мен табиғаттағы және адам өміріндегі, шаруашылықтағы маңызы туралы түрлі ақпараттар алды.
Қылқан жапырақты ағаштардың шырша, кәдімгі қарағай, бал қарағай, арша, самырсын сияқты түрлерімен таныса отырып, оқушылар оларды өзара салыстырып, суретке түсіріп, өзара пікір таласты. Топсеруен оқушыларға керемет әсер қалдырса керек, сол сабақтан соң оқушылар мәңгі жасыл өсімдіктердің өсу қарқынымен танысып, олар өсіп тұрған жерді айнала жүгірмеуге, қоршаған ортаны таза ұстауға деген борыштарын әрі қарай ынталандыра түсіргендігін байқадым.
Мақсатқа сай жасалынған бұл топсеруен оқушыларға тиімді, әрі олардың шығармашылық қабілеттерін біршама дамытып, өзара түсірген суреттерін салыстырып, зертханалық жұмыс дәптерлерін ашып, зерттеу жұмыстарының нәтижелерін, пікір таласа отырып, қорытынды жасасты.