Отрасли
Обсуждения
Новость

"Балалардың қарулы жанжалдарға қатысуына байланысты баланың құқықтары" тақырыбы аясында семинар өткізілді...
Астана қаласы Білім Басқармасы № 51 мектеп - гимназиясында сағат түскі 12.00- де Қызыл - Ай қоғамы "Балалардың қарулы жанжалдарға қатысуына байланысты баланың құқықтары" тақырыбы аясында семинар өткізді. Семинарға 120 оқушы қатыстырылып, қоғам мәселесі талқылынды.
Баланың құқықтарын көтермелеу және қорғау iсiне қызмет етуге дайын болу кең ауқымда таралғандығы туралы куәландыратын, Баланың құқықтары туралы конвенцияны жаппай қолдаудан жiгер ала отырып, балалардың құқықтары ерекше қорғауға мұқтаж екендiгін тағы да қуаттай отырып және қандай да болсын бөлiп-жармастан балалардың жағдайын тұрақты түрде жақсартуды, сондай-ақ олардың бейбiтшілiк пен қауiпсiздiк жағдайында дамуы мен бiлiм алуын қамтамасыз етуге шақыра отырып, қарулы жанжалдардың балаларға тигiзетiн қатерлiәрiкең ауқымды ықпалына, сондай-ақ олардың тұрақты бейбiтшiлiк, қауiпсiздiк және даму үшiн ұзақ мерзiмдi салдарлары болатынына алаңдаушылық бiлдiре отырып, қарулы жанжалдар жағдайында балалардың құқықтарына қол сұғушылықты, сондай-ақ халықаралық құқыққа сәйкес қорғалатын объектiлерге, оның iшiнде мектеп және аурухана сияқты балалар, әдетте, көп болатын орындарға тiкелей шабуыл жасауды айыптай отырып, Халықаралық қылмыстық сот статутының және iшiнара онда 15 жасқа толмаған балаларды әскери қызметке шақыруға немесе жұмылдыруға немесе оларды халықаралық, сондай-ақ халықаралық емес қарулы жанжалдар шеңберiндегi соғыс iс-қимылдарына белсендi түрде пайдалануға байланысты iс-әрекеттердi әскери қылмыс ретiнде саралау қабылданғандығын атап өте отырып, осы арқылы, Баланың құқықтары туралы конвенцияда танылған құқықтарды неғұрлым тиiмдiтүрде жүзеге асыруға жәрдемдесу мақсатында қарулы жанжалдарға қатысудан балаларды қорғауды күшейту қажет деп есептей отырып, Баланың құқықтары туралы конвенцияның 1-бабы осы Конвенцияның мақсаттары үшiн 18-жасқа толмаған әрбiр адамзат баласы, егер осы балаға қатысты қолданылатын заң бойынша ол кәмелеттiк жасқа ертерек толмаса, бала болып табылады деп көздейтiндiгiн атап өте отырып, адамдардың қарулы күштерге ықтимал шақырылу және олардың соғыс iс-қимылдарына қатысу жасын ұлғайтатын Конвенцияның факультативтiк хаттамасы балаларға қатысты барлық iс-әрекеттерде, бiрiншiкезекте, баланың мүдделерiн мейлiнше қамтамасыз етуге назар аударылуы тиiс дейтiн принциптi жүзеге асыруға тиiмдiтүрде ықпал ететiн болады деп кәмiл сенiм бiлдiрді. 1995 жылы желтоқсан айында болған Қызыл Кресттiң және Қызыл Жарты Айдың жиырма алтыншы Халықаралық конференциясы жанжалға қатысушы тараптарға 18-жасқа толмаған балалардың соғыс iс-қимылдарына қатыспауын қамтамасыз ету мақсатында кез келген мүмкiн болатын қадамдар жасайды деп атап өте отырып, атап айтқанда, балаларды қарулы жанжалдарда пайдалану үшiн оларды мәжбүрлi түрде немесе мiндеттiтүрде тартуға тыйым салатын балалар еңбегiнiң ең нашар нысандарына тыйым салу және оларды жою жөнiндегiшұғыл шаралар туралы Халықаралық еңбек ұйымның N 182 конвенциясының 1999 жылғы маусымда бiрауыздан қабылдануын құттықтай отырып, мемлекеттің iшiнде және одан тыс жерлерде мемлекеттiң қарулы күштерiнен өзгеше қарулы топтардың соғыс iс-қимылдарына балаларды тартуын, үйретуiн және пайдалануын терең алаңдаушылық сезiммен айыптай отырып және осы мақсатта балаларды тартатын, үйрететiн және пайдаланатын адамдардың жауапкершiлiгiн тани отырып, қарулы жанжалға қатысушы әрбiр Тараптың халықаралық гуманитарлық құқық ережелерiн сақтауға қатысты мiндеттемесi туралы ескерте отырып, осы Хаттама 51-бапты қоса алғанда, Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Жарғысында мазмұндалатын мақсаттар мен принциптерге және гуманитарлық құқықтың тиiстi нормаларына нұқсан келтiрмейтiнiн атап көрсете отырып, жарғыда баяндалған мақсаттар мен принциптердi толық құрметтеуге және адам құқығы саласында қолданылатын шарттарды сақтауға негiзделген бейбiтшiлiк пен қауiпсiздiк жағдайы, атап айтқанда, қарулы жанжалдар мен шетел басқыншылығы кезiнде балаларды толық қорғау үшiн мiндеттi шарт болып табылатындығын назарға алатындығын қтаң ескертті,-деді тыңдырмандар сұрағына жауап берген өкілдер.