Отрасли
Обсуждения
Новость

Ардагер ұстаз туралы...
Алдыңғы жақсы артқы жасқа тәлім айтпаса ұжым болғанымыз қайсы
Қадірі бар үлкенімді сыйлай бергім келеді,
Айтары бар қариямды тыңдай бергім келеді, – деп, Ырысты апайымды күніне бір көрмесем кәдімгідей сағынамын. Апайдың бойындағы жақсы қасиеттер, оның бәйтеректей терең тамырында жатқанын аңғартады.Ол кісінің ата-анасы да ұстаздық етіп,көпке үлгі болған жандар.Кейде қалта телефонымен ата-анасымен сөйлесіп жатқанда: «Ырысжан-ау, ана тірлігіңді былай етсеңші», - деп, әлі күнге алпысқа жақындаған апайға ақыл айтып жатқанына еріксіз таң қаламын. Ондайымды сезгенде: - ...иә,иә... мені әлі баладай көреді ...- деп, еркелене күліп алады. Ырымшыл халық емеспіз бе? «Ырысты» деген есімді де текке қоймаған болар. Қасиеті мол, ырысты болуын тілегендіктен шығар. Міне,сол тілектің айғағы...
Қандай адам болсын Ырысты апаймен сөйлесе қалса, қиналмай көкейіндегісін жеткізе алады және өзінің көңіліне медеу боларлық жауап та алады. «Біреуге қатты ренжіп,ол үйтті,ол бүйтті», –деп ызаланып отырсаң, жаймен ғана: «Қой,сен дұрыс түсінбегенсің ғой, саған ол жаны ашығандықтан солай айтқан.Сені өзім деп айтқаны ғой, ол саған айту арқылы өзгелерге ескерту жасағаны ғой»,- деп, өзің жек көріп отырған адамыңа сенім арттырып, жақсы көруге мәжбүр етеді. Ешуақытта біреу жайлы ғайбат сөз айтып отырғанын естіген емеспін.
Иә, адамдарды тыңдай да біледі.Жарқын мінезімен өзгелерге тілеулестігі, адамдық шарапаты көпті өзіне тартып тұрады. Шәкіртерінің өзін арқасынан қағып, кішкентай жетістігін зорайтып: «Сенің сөйлеу мәнеріңнің өзі қандай керемет, дауыс ырғағыңның өзі өскенде тегін адам болмайтындығыңды білдіреді,осылай ұзақ-ұзақ жырлар жаттай бер, біздің аталарымыз жыр жаттап өскен халық», - деп, үмітендіруінің өзінен сарқылмас үміт пен дархандықты ұққандай боламын.
№51 мектеп-гимназиясында да үлкен құрметке ие, ұстаздар да, шәкірттер де Ырысты Сақтанқызына деген ықыласы ерекше. Мемлекеттік бағдарлама бойынша екі бөлмелі, кең баспана алған. Жолдасы - өзінің тірегі, жоғары білімді құрылыс маманы. Ұлы мен қызы да - жоғары оқу орнын бітірген, білікті мамандар.Немерелері де әжелерін ерекше жақсы көреді. Осындай ұйыған отбасының ұйытқысы – Ырысты Сақтанқызы.
« Көп жасағаннан емес, көпті көргеннен сұра» демекші, біздің Ырысты Сақтанқызы көкірегіңді тербетіп,
жүрегіңді әлдилейтін ізгілігі мол жан. Жақсының жақыны да көп болатындығын осы кісіден көріп жүрміз. Ең үлкен жетістік өзіңді дәлелдеу, өзеге үлгі болу, болашағыңа сенім арту екен ғой.
Ырысты Сақтанқызына өсіріп отырған ұл- қыздарының рахатын көріп, қосағымен қоса ағарсын, өрісті болып, еңбегі жана берсін демекпіз.