Отрасли
Обсуждения
Новость

Құрметті ата-аналар!
2013 жылдан бастап Қазақстанда жасөспірім қыздарға адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы тегін егу енгізіледі. Бұл вакцина жатыр мойны обырының алдын алады.
АПВ вирусы туралы қосымша ақпаратты www.onco.kz веб-сайтынан таба аласыздар.
Осыған орай мектебімізде 2014 жылдың 25 ақпанында № 2 қалалық емханасының қызметкерлері оқушы қыздардың аналарымен кездесіп, жатыр мойнының обыры деген не, оны қалай жеңуге болатыны туралы ата-аналарға ақпарат берілді. Сонымен қатар, АПВ-ға қарсы вакцина туралы сұрақтар мен жауаптар кітапшасы, ақпараттық буклеттер таратылды. Кездесудің соңында ата-аналардан сауалнама алынды. Сауалнаманың қорытындысы бойынша мектебімізідң 30% ғана ата-аналары вакцинаны егуге келісімін берсе, ал ата-аналардың 70% қазіргі таңда қарсылық білдіріп отыр. Жиналыс соңы ата-аналар қауымы № 2 қалалық емхана қызметкерлеріне сауалдарын қойып, қыздардың келешегі, болашақ аналардың денсаулығы туралы ой қозғап, лебізін білдірді.