Отрасли
Обсуждения
Новость

Мың бұралған бишілер...
2014 жылдың ақпанның 20-шы жұлдызында, № 8 орта мектепте «Биле-биле» атты сайыс өтті. Оқушылар өз өнерлерін көрермендерге паш етті. Сайысқа 8-11 сынып оқушылары қатысты. Жас өнерпаздар әр түрлі жанрда биледі. Айтып өтетін болсақ: испандық, джаз, вальс, хип-хоп, попурри билері көрсетілді.
Сайыс өте жоғары деңгейде өтті. Көрермендер үшін ойын ойнатылды. Қорытынды бойынша:
Бас жүлде – 11 «А» сынып
І орын – 8 «Г» сынып
ІІ орын – 8 «Д» сынып
ІІІ орын – 8 «В» сынып
Ал, қалған сыныптар номинациялармен және арнайы сыйлықтармен марапатталды. Мерекелік іс – шараны «Айгөлек» балалар бағдарламасының жүргізушісі әрі жас әнші Еркеш Хасен 2 тамаша әнімен аяқтады.
Ұйымдастырушы: 10 «Б» сыныбы