Отрасли
Обсуждения
Новость

"Таза болса табиғат, аман болар адамзат"
2014 жылдың ақпанның 10- жұлдызында № 52 мектеп – гимназия қабырғасында Ф. Оңғарсынованың сөзін басшылыққа ала отырып, 2 «Ә» сыныбы «Таза болса, табиғат, аман болар адамзат! » атты дүйсенбілік сап түзеу өткізді.

Дүйсенбілік сап түзеу ҚР мемлекеттік әнұранымен ашылды. Барлық бастауыш сынып мұғалімдері мен оқушылары оң қолдарын жүрегіне қойып, әнұранды патриоттық сезіммен орындады.
![]() |
Табиғаттың басты байлықтары мен алуан түрлі ерекшеліктерін өз жырларына қосқан бүлдіршіндер өз замандастарының көңіліне шабыт, сезіміне сұлулық пен сағыныш ұялатуға тырысты.
Аққулар, аққулар мойын сүмбе қанат, Алаңсыз тарануда күнге қарап. Тарақ етіп тұмсығымен тарайды кеп, Тарайды кеп, тарайды қауырсынын. Аққулар, аққу мойын сүмбе қанат
![]() |
Бүгінгі таңда табиғатқа жасалып жатқан қастандықтарды бүлдіршіндер сөзге тиек ете отырып, жұдырықтай жүректерімен сезініп, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» шығармасынан үзінді көрсетуге тырысты.

2 «Ә» сынып оқушылары барша қазақстандықтарды табиғатты қорғап, аялай білуге шақырды.
Табиғаттың панасымыз
Түйіп айтар сөзіміз.
Табиғаттың панасымыз –
Біздің мына өзіміз.
Адам табиғатқа мейірімділікпен, сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен қарап, үйлесімділік сақталғанда, адамзат баласы үшін табиғат – кең сарай мәңгі тозбас құтты қоныс болатынын ешқашан ұмытпайық! «Таза болса, табиғат, аман болар адамзат!» деген Ф. Оңғарсынованың сөзімен бүгінгі сап түзеуімізді аяқтаймыз.