Отрасли
Обсуждения
Новость

"Ғасырдан ғасырға"
Астана қаласы Білім басқармасының «Астана дарыны» өңірлік ғылыми- практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2014 жылғы 28 ақпан күнібіздің мектебіміздің базасында «Ғасырдан ғасырға» атты қалалық интеллектуалдық сайыс өтті.
Астана қаласы Білім басқармасының «Астана дарыны» өңірлік ғылыми- практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2014 жылғы 28 ақпан күнібіздің мектебіміздің базасында «Ғасырдан ғасырға»атты қалалық интеллектуалдық сайыс өтті.
Сайыстың мақсаты: өсіп келе жатқан ұрпақтың бойына патриотизмді қалыптастыру, қоғамның тарихын сақтап қалуға ықпал ету және біздің мемлекетіміздің мәдени мұрасына, қазақ халқының ұлы тұлғаларына құрметпен, архитектуралық ескерткіштер, халықтық салт-дәстүрлер, көркем өнер туындыларына ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу.Сайыс отандық тарихқа деген жоғары қызығушылықпен қарайтын талантты оқушыларды іздеп, шығармашыл әлеуеттің дамуына және олардың қоғамдық белсенділігіне бағытталған.Сайыс екі кезеңнен тұрады. Бірінші іріктеу кезеңнен өткен 10 командалар екінші қалалық кезенге жолдама алды. Олар: №1, №6, №4, Зерде , №38, №40, №46,№52 №60, №64 мектептері.
Сайысқа біздің мектептен:Шарбек Бекзат-10 «А»,Телеуов Мухамед -9 «А», Төлендина Мадина- 8 «А» сынып оқушылары қатысты.Сайыстың алғашқы шарты бойынша оқушылар «Қолөнершілер,сауда –саттық қалалары» атты тақырыпта 5 минуттық сахналық қойылым қойды. Интеллектуалды топ «Ежелгі Қазақстан мифтері» бойынша викторина,«Блиц- турнир» капитандар сайысына, сиқырлы сандықтағы затты сипаты бойынша анықтау жарыстарына қатысып, білімдерін шыңдады. Қойылымға мектебіміздегі театр өнеріне қатысып жүрген 10-сынып оқушылары қатынасып, шынайы өнер көрсетті. Әділ-қазылар шешімі бойынша біздің мектептен қатысқан команда ІІ дәрежелі Дипломмен марапатталып,интеллектуалды топ мүшелеріне бір-бір ұялы телефонды сыйға тартты.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Ортада Білім және ғылым министрлігі жанындағы мемлекет тарихы институтының жетекші ғылыми қызметкері, педагогика ғылымдарының кандадаты С.Ж.Дүйсен