Отрасли
Обсуждения
Новость

Әдістемелік күн
Қазіргі оқыту барысында қолданылып жүрген көптеген технологиялар жеке тұлғаның жетілуіне оқыту тиімділігінің негізін құруға бағытталған. Соның ішінде соңғы жылдары қолданып жүрген «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясының түрлі стратегиялары оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына өз ықпалын тигізеді. Оның мақсаты - оқушыларды ойын ашық айта алуға, пікір алмаса білуге үйрету, мәселені сын тұрғысынан шешуге дағдыландырады. Ұжымда өз ойын ашық айтып қана қоймай, оны дәлелдей білуге, бір-біріне сыйластықпен қарап, пікірін құрметтеуге баулу. Мұғалімнің сабақтарда бұл жобаның әдістерін орынды, тиімді қолдана білуі, сол әріптестеріне үйретуі қажет.
Әдістемелік күн
Қазіргі оқыту барысында қолданылып жүрген көптеген технологиялар жеке тұлғаның жетілуіне оқыту тиімділігінің негізін құруға бағытталған. Соның ішінде соңғы жылдары қолданып жүрген «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясының түрлі стратегиялары оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына өз ықпалын тигізеді. Оның мақсаты - оқушыларды ойын ашық айта алуға, пікір алмаса білуге үйрету, мәселені сын тұрғысынан шешуге дағдыландырады. Ұжымда өз ойын ашық айтып қана қоймай, оны дәлелдей білуге, бір-біріне сыйластықпен қарап, пікірін құрметтеуге баулу. Мұғалімнің сабақтарда бұл жобаның әдістерін орынды, тиімді қолдана білуі, сол әріптестеріне үйретуі қажет.
Осы мақсатта 17-22 ақпан 2014 жылы аралығында мектепте Әдістемелік күн өткізілді. Әдістемелік күн шеңберінде тіл мамандары ашық сабақтар көрсетті. Бұл сабақтардың ерекшелігі әр сабаққа мәселе қойылып, сол әдістемелік мәселені шешу барысында мұғалім тиісті, тиімді әдістерді қолдану ұсынылды. Сонымен қатар мұғалімдер өз сабақтарында көбінесе оқушылардың бірлесіп, ұйымдасып, топтасып жұмыс істеуіне көп көңіл бөлді. Оқушылар бірлесіп ортақ мәселелерді талқылағанда жаңа пікірге шығармашылық пен қарау тұрғысында, жаңалықтар ашу барысында жұмыс жасайды. Бұл оқушының коммуникативті–құзырлығының дамуына әсер етері сөзсіз. Топ мүшелері өз ойларын ортаға салып, оларды кесте арқылы көрсетеді. Бірлесіп жұмыс жасағанда мына жайттарды есте ұстады:
- Сыйластық қарым-қатынас;
- Жауапкершілік;
- Топтың барлық мүшелерінің кезекпен сөйлеу дағдысын үйрету;
- Топта ұтымды жұмыс жасау;
Осындай топта жұмыс жасап үйренген оқушылардың іс –әрекеті нәтижелі болды, білімдері шыңдалды.
Өткізілген тәжірибелік сабақтарда төмендегі құзыреттіліктер орындалды.
Ақпараттық құзіреттілік |
Деректік, құжаттық, түпдеректік материалдармен жұмыс істей отырып, тарих пәнінде электронды оқулықтарды кеңінен пайдалану; |
Коммуникативті құзіреттілік |
Дөңгелек стол, дебат, конференция түрлерін ұйымдастыру; |
Зерттеушілік құзіреттілік |
Ғылыми- жоба жұмыстарына қызығушылықты ояту; |
Пікір сайыста оқушыға өз ойын қысылмай, еркін жеткізе білуіне, коммуникативтік құзыреттіліктің көпшілік алдында сөз сөйлеу аспектісін қалыптастыруға мүмкіндік жасады.
Ендеше оқушының оқу-танымдық коммуникативтік, ақпаратты технологиялық және өзін-өзі дамыту құзырылылықтарын қалыптастыруда сабақтарда іске асырылатын оқу әрекетінің түрлерін ары қарай дамыту ісі үздіксіз жүргізіле бермек. Бұл – қоғам талабынан туындайтын қажеттілік.
Қорыта келе айтарым, мұғалім жаңалықтан қашпауы тиіс, қайта әдісті көп білуге тырысқаны жөн, одан ұтпаса, ұтылмайды.
Мұғалімдердің сабағын талдау
Күні, айы 20.02.2014
Сабақ беруші мұғалім Қойшина Гүлім Оразалықызы
Пәні, сыныбы Қазақ әдебиеті , 7 сынып
Сабаққа қатысудағы мақсат: Сабақ үрдесінде оқушылардың топпен жұмыс істеуге әрекетін қалыптастырудың жағдайы, топпен жұмыс істеу кезіндегі оқушының өзіндік ойлауы мен белсенділігін бақылау
Сабақтың мәселесі: Топтық жұмыс арқылы мәселе қоя оқыту
Сабақтың тақырыбы: Ғ.Мүсірепов « Ананың анасы» әңгімесіндегі Ана бейнесі
Сабақтың мақсаты:Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын ашу, шығарма құрлысына талдау, шығарманың тәрбиелік мүмкіндігін ашып, оқушыларды адамгершілік қасиеттерге тәрбилеу, Ана жиынтық образын жасау.
Сабақтың түрі: Өткен материалды бекіту сабағы
Сабақтың формасы: СТО әдістері, топпен жұмыс формалары
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезеңдері |
Мұғалім мен оқушының іс -әрекеті |
|
І |
/мотивация/ Өткен мен жаңаның байланысы |
Мұғалім: Қазір мен сіздерге әннің сөзін таратамын, сол әннің сөзі бойынша үш топ қайта топтасып отыра қоямыз. Психологиялық дайындық Сыныпты үш топқа бөлу, өлең жолдары арқылы, ат қою, неліктен «Зере», «Айғаным», «Қарашаш» ана топтары болғанын түсіндіріп, ән шырқау Әр топ топтын атын айтып, не себепті олай таңдағанын түсіндіріп, ән орындау. Оқушының жаңа сабаққа қызығушылығын арттыру мақсатында Ана тақырыбында оқушылар бірнеше әннің мәтінін құрастырып, әуенімен айтып берді, осы негізде топқа топтастырылды |
ІІ |
Жаңа тақырыпқа шығуы /оқушы/ |
Ана тақырыбында айтылған ән арқылы оқушылар осы сабақтың тақырыбын айқындады, оза берілген тапсырма бойынша әңгіменің мазмұнымен толық танысып келген, оқушылар әңгімеден шағын сахналық қойылым көрсетті,мұғалім әдеби шығарманы талдауға бірден көшті. |
ІІІ |
Проблемалық сұрақ қою /мұғалім/ |
Үш топқа үш мәселе қойылды. 1-топ Әңгіменің тақырыбы мен идеясын ашу; 2-топ Әңгімеге композициялық талдау жасау; 3-топ Әңгіменің тәрбиелік жағын дәріптеу. |
IV |
Мақсатқа шығуы /оқушы/ |
Мұғалімнің қойған мәселесі бойынша топтар модель жасауға кірісті.10 мин (топтың әр мүшесінің қызметі айқындалды) |
V |
Оқушының іс-әрекеті /жаңа сабақты өздігінен меңгеруі, мұғалімдердің дайындығы, тапсырмаларының құрылымы/ |
Модель жасауға берілген уақыт аяқталғаннан кейін, жасаған модельдерін презентаторлар тақтаға қорғауға шықты .Әр топқа 3 мин. Тақтада әр топ үлкен форматта берілген мәселе бойынша түйінді ойларын сызба , сурет түрінде жеткізген. Топтың әр мүшесі мәселенің бір жағын алып, сол бойынша өз пікірлерін ортаға салды. Топтағы барлық оқушылар сөйледі. |
VI |
Қорытынды /жаңа сабақтың моделі/ |
3 топтың қорғаулары тыңдалған соң әр топ бір-біріне «екі жұлдыз» «бір пікір» айтты. Қортындысында 2- топ мүшелерінің жұмысына жұлдыздар көп айтылып, топ мүшелерінің пікірлері, қорғаған модельдері үздік болып танылды. Топ мүшелері де бір-біріне орынды ұсыныстар айтты. 2- топтың 1- топқа айтқан ұсынысы: Марғұланның сөзі: « Топ мүшелері әңгіменің тақырыбы мен идеясы туралы жалпылама ғана айтты, модельдері өте жақсы , бірақ сол модельден ауытқып сөйледі, идеясын ашу барысында әңгімеден мысалдар келтіре айтса дұрыс болар еді»
|
VII |
Бекіту /шағын бақылауы/ |
Мұғалімнің өтілген тақырып бойынша қорытынды сөзі, түзету жұмыстары. Ана тақырыбына қосымша материалдар бойынша мағлұматтар берді. Қорытынды бөлім. Әр топқа бір-бір тірек сөз берілді, оқушылар сол сөзбен анаға байланысты етіп мақал-мәтел, қанатты сөз өлең құрастырып айтып, сабақты қорытындылады. «Құрметтейік, көтерейік те әйелді! Ана әйелді құрметтейік! Оның сүюі таусыла ма, бүкіл дүние соның емшегін еміп, ер жеткен емес пе? Адамда не қасиет болса, бәрі күннің көзі мен ананың сүтінен алынған қасиет. Ананың құрметі әлі жеткен жоқ!» - деген жазушының өз сөзімен сабақ аяқталды.
|
VIII |
Рефлексия /оқушының сабақ бойы істеген жұмысына есеп беруі/ |
Оқушылар топ мүшелерінің сабақ бойындағы іскерліктеріне баға берді, бірін-бірі бағалады. Әр қойылған бағаға түсініктеме берді. Ана тақырыбына қосымша материалдар бойынша мағлұматтар берді |
Мұғалімнің пән бойынша білімі мен кәсіби біліктілігі |
Педагогикалық технологиялардың әдіс - тәсілдерін қолдану |
Коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру |
Ақпараттық құзыреттілікті қалыптастыруы |
Мұғалімнің пән бойынша теориялық біліктілігі жоғары, әдістемені жетік меңгерген, топты ұйымдастыра алды, жұмыс бағыттарын нақты жоспарлады. |
СТО технологиясының әдістерін меңгерген. |
Сабақтағы тілдік қарым-қатынас жасау деңгейі жақсы, сауатты сөйлейді, тіл мәдениетін сақтайды, орфоэпия нормалары сақталған.
|
Сабақта интерактивті тақта мүмкіндігі пайдаланылды, мұғалім жұмыс жасай алады. |
Қорытынды: Сабақтың мақсаты мен міндеті дұрыс қойылған. Сабақтың тақырыбы бойынша тапсырмалар жүйесі берілді.Мұғалім топпен жұмысты жақсы ұйымдастырған.Оқушылар топпен жұмыс жасауға дағдыланғаны байқалады. Жаңа материалды игерудің әдіс-тәсілдері де тиімді қолданылды, мұғалім ой қозғау,сұрақ –жауап, анализ, синтез әдістерін нәтижелі қолданды. 3 топ оқушылардың білім деңгейіне қарай бөлінген, тапсырмалар де жеңілден ауырға қарай берілді.
Ұсыныс: Сабақтың ғылымилығына назар аудару, тақырып бойынша қосымша материалдар көбірек беру.
Сабаққа қатысушы: __________________________қолы /_______________/
Сабақ беруші мұғалімнің қолы __________________________
Мұғалімдердің сабағын талдау
Күні, айы 18.02.2014
Сабақ беруші мұғалім Есенгулова Лида Аскаркызы
Пәні, сыныбы Қазақ әдебиеті , 8 сынып
Сабаққа қатысудағы мақсат: Сабақ үрдесінде оқушылардың топпен жұмыс істеуге әрекетін қалыптастырудың жағдайы, топпен жұмыс істеу кезіндегі оқушының өзіндік ойлауы мен белсенділігін бақылау
Сабақтың мәселесі: Топтық жұмыстың оқушының өзіндік пікірін қалыптастыруға әсері
Сабақтың тақырыбы: М.Әуезовтың «Қаращ-Қараш» оқиғасындағы Бақтығұл бейнесі
Сабақтың мақсаты: 1. Әңгіменің басты кейіпкері Бақтығұлдың іс-әрекетіне екі түрлі көзқараста баға беру. оқиға мазмұнын пайдалана отырып, оқушылардың кейіпкерлерге толық мінездеме беруіне, тағдырына ортақтаса алуына мүмкіндік туғызу, кейіпкерлер арасында ізгілік қарым-қатынасты талдау.
2. Бақтығұл бейнесін аша отырып, әр топ өз пікірін дәлелдемелерге сүйеніп, айғақтар келтіру арқылы өз көзқарастарын қорғап шығу. Шағын топпен бірлесе ынтымақпен жұмыс атқаруға, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын құрметтеуге, бірігіп қорытынды жасауға тәрбиелеу.
3. Оқушыларды көркем әдебиетті оқуға ынталандыру; ой-өрісін кеңейту, сөйлеу тілін дамыту, тіл мәдениетіне көңілдерін аударту.Шығарманы түсініп оқу, яғни сөз арасына үңіліп, мағынасын түсіну, өзекті ойды бөліп ала білу, сыни тұрғыда ой қортындысын жасау, өз пікірін қорғай білу және сөйлеу мәнерін қалыптастыру, дағдысын қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Өткен материалды бекіту сабағы
Сабақтың формасы: СТО әдістері, топпен жұмыс формалары
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезеңдері |
Мұғалім мен оқушының іс -әрекеті |
|
І |
/мотивация/ Өткен мен жаңаның байланысы |
Оқушының жаңа сабаққа қызығушылығын арттыру мақсатында әр ауыл өздерін таныстырып, «Ауыл», «Туған жер», «Атамекен» сияқты әндерді орындайды.
|
ІІ |
Жаңа тақырыпқа шығуы /оқушы/ |
Фильмнен үзінді көрсету. (Сәлмен мен Бақтығұл диалогы) «Асуда атылған оқ» (қырғызфильм) атты көркем фильмнен үзінді |
ІІІ |
Проблемалық сұрақ қою /мұғалім/ |
Мұғалім: – Қалай ойлайсыңдар, Бақтығұл кім? Ол Сәлмен мен Жарасбайдың «құрбаны» ма, әлде кек алушы күрескер ме? Немесе қорғансыз сорлы ма?
|
IV |
Мақсатқа шығуы /оқушы/ |
Қозыбақ ауылы: Бақтығұл – намысты ер. Жарасбай сияқты дала жауыздарының құрбанына айналды. (Тәні де жаны да сау, еңбекқор Бақтығүл Сәлмен, Жарасбай сияқты дала жауыздарының құрбанына айналды, дей келіп, контррезолюция ұсынады «Арым жанымның садағасы») Жарасбай ауылы: Бақтығұл – қылмыскер. (Ары, ұяты, кегі оянған Бақтығұл өзіне сонша қиянат жасаған, сезім, сенімін алдаған Жарасбайға өлім үкімін шығарады Ары да, қолы да таза Бақтығұл белшесінен қылмысқа батады дей келіп, контррезолюция ұсынады: «... шелек жалаған тұтылады», немесе «О заман! Артар бәрін саған ғана, обалын кім көтерер сенен басқа») Жаңа қазақтар ауылы:Жалпы шығарманың көтерген проблемасы. (Феодалдық замандағы қорғансыздар, кедейлер тағдыры, әділетсіздік, жауыздық, ел ішіндегі барымта, ұрлық, күндестік сияқты сахара өмірінің небір шындық картинасын көрсету, әділдік іздеу, шындық іздеу, сол жолдағы адасу, кек қайтару сияқты бас қаһарманның жанталасқан іс-әрекеті, психологиялық күй-жағдайлары повестің негізгі өзегі, қазығы) деу. (Әр ауылға 15 минут уақыт беріледі). Мұғалімнің қойған мәселесі бойынша топтар модель жасауға кірісті.(топтың әр мүшесінің қызметі айқындалды) |
V |
Оқушының іс-әрекеті /жаңа сабақты өздігінен меңгеруі, мұғалімдердің дайындығы, тапсырмаларының құрылымы/ |
Модель жасауға берілген уақыт аяқталғаннан кейін, жасаған модельдерін презентаторлар тақтаға қорғауға шықты .Әр топқа 3 мин. Тақтада әр топ үлкен форматта берілген мәселе бойынша түйінді ойларын сызба , сурет түрінде жеткізген. Топтың әр мүшесі мәселенің бір жағын алып, сол бойынша өз пікірлерін ортаға салды. Топтағы барлық оқушылар сөйледі. |
VI |
Қорытынды
|
3 топтың қорғаулары тыңдалған соң әр топ бір-біріне «екі жұлдыз» «бір пікір» айтты. Топ мүшелері де бір-біріне орынды ұсыныстар айтты. |
VII |
Бекіту |
Мұғалімнің өтілген тақырып бойынша қорытынды сөзі, түзету жұмыстары. Мұғалім сөщзі: Түйін "Қараш-Қараш оқиғасы" повесінде жазушы теңсіздік азабын қанша тартса да, намысымен адамдық арын жоқтай білген нар тұлғалы азамат — Бақтығұл тағдырын оның Жарасбай болысты өлтіріп, түрмеге қамалуымен аяқтайды. Оқиғаның осылай аяқталуы мен тартыстың бұл шешімінен біз жазушының бар ниет тілегі Бақтығұл жағында екенін, ал қарғысы мен қаһары әділетсіздік иелеріне арналғанын көреміз. Жазушы Бақтығұлдың тағдырын суреттей отырып, оның стихиялық күресі арқылы халықтың әділетсіздікке қарсы тура алар қайраты мен биік рухын, жігерін көрсеткен. Повестің басты идеясы да осы.
|
VIII |
Рефлексия /оқушының сабақ бойы істеген жұмысына есеп беруі/ |
Оқушылар топ мүшелерінің сабақ бойындағы іскерліктеріне баға берді, бірін-бірі бағалады. Әр қойылған бағаға түсініктеме берді. Ана тақырыбына қосымша материалдар бойынша мағлұматтар берді |
Мұғалімнің пән бойынша білімі мен кәсіби біліктілігі |
Педагогикалық технологиялардың әдіс - тәсілдерін қолдану |
Коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру |
Ақпараттық құзыреттілікті қалыптастыруы |
Мұғалім сабаққа тиянақты даярланған. Өтілетін теориялық материалды жетік біледі. Сабақтағы жұмыс тобын ұйымдастыра алды, жұмыс бағыттарын нақты жоспарлады. |
СТО технологиясының әдістерін меңгерген. |
Сабақтағы тілдік қарым-қатынас жасау деңгейі жақсы, сауатты сөйлейді, тіл мәдениетін сақтайды, орфоэпия нормалары сақталған.
|
Сабақта интерактивті тақта мүмкіндігі пайдаланылды, мұғалім жұмыс жасай алады. Видеоматериалдар, слайд –презентациялар қолданды. |
Қорытынды: Сабақ кезеңдері нақты жоспарланған, әр кезеңге мақсат қойылып отырды, оған жетуге міндеттер белгіленді. Шығарманы композицялық талдауға оқушылар төселгендіктері байқалды. Шығарманың идесы мен тақырыбын сабақтың қорытынды бөлімінде бір ауыз сөзбен түйіндеуі де ұтымды шықты. Сабақ өте жинақы,тығыздығы жоғары, оқушылардың қарқынды жұмыс жасауына негізделінген.
Сабақта проблемалық мәселені қоя білу қалыптасқан. Мұғалім оқушыларға қойған сұрақтары мәселе көтеретіндей, оқушыны ойландыратындай мазмұнда болды. Оқушылар сұраққа жауап бере отыра, өзара пікір алмасып кетті. Сабақ барысында мұғалім оқушылардың ауызша (сөйлеу) тіл дамыту жұмысына баса назар аударды. Әдеби шығарма негізінде тәрбиелеу мәселесін негізгі деп санады. Сабақты қорытындылау кезінде оқушылардың пікір айту белсенділігі жоғары болдыСабақтың ғылыми меңгерілуіне, түсінуге оңайлығы, оңтайлығы, жүйелігін атап айтуға болады.
Сабаққа қатысушы: __________________________қолы /_______________/
Сабақ беруші мұғалімнің қолы __________________________
План урока.
Класс: 6А. Дата: 18.02.14 г.
Тема урока: «Праздники»
Цели урока:
1) Образовательная: расширение лингвистического кругозора и эрудиции учащихся;
2) развивающая: развитие языковых способностей учащихся, готовности к коммуникации;
3) воспитательная: создание условий для формирования у обучающихся интереса к культуре и традициям страны изучаемого языка, поддержание интереса к культуре своей страны;
4) практическая: формирование и развитие практических навыков владения английским языком, обеспечивающих коммуникативные потрбности учащихся, расширение словарного запаса учащихся по теме путем привлечения дополнительного материала, развитие аутентичных навыков, поискового чтения, навыков говорения.
Оборудование: интерактивная доска, постеры, маркеры.
Ход урока.
І. Начало урока.
1. Организационный момент. Приветствие учащихся.
2. Определение темы урока.
ІІ. Контроль домашнего задания.
Задание: каждая группа показывают презентацию своего домашнего задания по теме «Мой любимый праздник».
1 группа – «Наурыз»
2 группа – «Новый год»
3 группа – «Хеллоуин»
4 группа – «Рождество»
ІІІ. Групповая работа. Класс делится на новые группы по названиям праздников.
Учащиеся берут карточки с лексикой по теме «Праздники» и делятся по группам.
1 группа – «Праздники в Англии»
2 группа – «Праздники в Америке»
3 группа – «Праздники в Казахстане»
Каждый член группы имеет свои обязанности: презентатор (1-2 учащихся), таймкипер, оформитель)
Задание: каждая группа получает незнакомый текст и работает с текстом. После того как они прочитали текст и поняли содержание текста, они должны на постерах показать и нарисовать то, что поняли из текста. (10 минут)
IV. Презентация каждой группы. (Регламент – 3 минут) По завершении презентации учащиеся задают вопросы другим группам, с целью проверки понимания о прослушанном.
V. Подведение итогов урока. Выставление оценок.
VI. Этап информирования учащихся о домашнем задании.