Отрасли
Новость
Зұлымдықсыз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ
«Бiз әлемдi бiрге өзгертемiз» ұранымен «Зұлымдықсыз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты акция өтті.
1-19 қараша аралығында
«Бiз әлемдi бiрге өзгертемiз» ұранымен «Зұлымдықсыз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты акция өтті.
Шараның мақсаты- балаларға қатыгездiкпен қарауға қоғам назарын аударту, Балалар мекемелерi мен отбасындағы келеңсiз дәйектi уақытылы әшкерелеу, баланы жәбiрлеудiң бұрыс екендiгiне қоғамның көзiн жеткiзiп, оң көзқарас қалыптастыру.
· 06.11.13 ж. - 19.11.13 ж. күндері аралығында 1-11 сынып оқушылары арасында сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен «Зорлық-зомбылықсыз әлем», «Планета без насилия» тақырыптары бойынша сынып сағаттары өткізілді.
· 07.11.13 ж.- 08.11.13 ж. күндері аралығында «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбымен 9-11сынып оқушыларының арасында шығармалар сайысы өтті.
· 09.11.13 ж.- 19.11.13 ж. 2-6 сынып оқушылары арасында
« Әрқашан күн сөнбесін», «Пусть всегда будет солнце» атты суреттер сайысы ұйымдастырылды.
· 10.11.13 ж.- 17.11.13 ж. 1-11 сынып оқушылары арасында сынып жетекшілерінің «Зорлық-зомбылықсыз отбасы» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді.
· 01.11.13 ж. - 19.11.13 ж.«Жасөспірім және көше» тақырыбында тәрбие ісі-жөніндегі директордың орынбасарлары кешкі рейд ұйымдастырды.
· 12.11.13 ж. «Біз әлемді өзгертеміз», «Зорлықсыз әлемді қалай құруға болады? /5-8/ арасында эссе сайысы өтті.
· 15.11.13 ж. «Кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу» атты лекцияны ІІД арнайы мамандары және мектеп инспекторы өткізді.
· 17.11.13 ж. 9-11 сынып оқушылары арасында
«Салауатты өмір салтын қорғау», «Мы за здоровое будущее» тақырыбында денсаулық сақтау қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылып өткізілді.
· Мектеп холында «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты
арнайы бұрыштар ұйымдастырылды.
· 18.11.13ж. 7-11 сыныптар арасында «Зорлық – зомбылықсыз балалық шақ» атты сауалнама жүргізілді.
· 19.11.13 ж. Мектеп психологы Елеукина Дамиля Нуртаевна «Зорлық-зомбылықсыз әлемді қалай құруға болады?» тақырыбы бойынша 8-11 сыныптар арасында дәріс-семинар ұйымдастырды.