Отрасли
Сообщества
Новость
Біз ХХІ ғасырдың балаларымыз, біздің құқықтарымыз бен міндеттеріміз
13-23 қараша аралығында дүниежүзілік балалар мерекесі шеңберінде
«Біз ХХІ ғасырдың балаларымыз, біздің құқықтарымыз бен міндеттеріміз» атты онкүндікке байланысты өткізілген іс-шаралар
13-23 қараша аралығында дүниежүзілік балалар мерекесі шеңберінде
«Біз ХХІ ғасырдың балаларымыз, біздің құқықтарымыз бен міндеттеріміз» атты онкүндікке байланысты өткізілген іс-шаралар
Бала құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясының қабылданғанына 24 жыл толуына орай «Біз ХХІ ғасырдың балаларымыз, біздің құқықтарымыз бен міндеттеріміз » тақырыбындағы іс-шаралар жоспар бойынша өткізілді.
Онкүндіктің алғашқы күні 18.11.13 күні «Бала Конвенциясы-менің құқықтарым мен міндеттерімнің кепілі» тақырыбы бойынша Саптүзеу ұйымдастырылды.
13.11.13 күні 5-11 сынып оқушылары «Менің құқығым» тақырыбында қабырға газеттері шығарылды.
14.11.13 күні «Мен әлемді сүйемін» суреттер сайысы 1-4 сыныптар арасында өткізілді.
15.11.13 күні 7-9 сыныптар арасында «Құқығыңды білу - өзіңді қорғау» тақырыбында шығармалар сайысы ұйымдастырылды.
16.11.13 күні тәрбие жұмысының орынбасарлары және сынып жетекшілері ұйымдастырған «20 қараша- халықаралық балалар күні» тақырыбында құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен кездесу өтті.
Кездесу барысында құқық қорғау қызметкерлері оқушыларды оларды Заң бойынша бекітілген құқықтарымен таныстырып, ашық сұхбаттасты.
18.11.13 күні 1-11 сыныптар аралығында «Менің құқығым» тақырыбы бойынша сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттарында оқушылар құқық туралы өз білімдерін шыңдап, өз құқықтары жайлы ойларын айта білді.
19.11.13 күні 9 сынып оқушылары арасында тарих пәні мұғалімдерінің басшылығымен «Мен Қазақстанның азаматымын» атты викториналық сұрақтар сайысы ұйымдастырылды.
20.11.13 күні «Менің құқығым» Не? Қайда? Қашан? Интеллектуалды ойыны 9-10 сынып оқушылары арасында өткізілді.
21.11.13 күні мектеп психологтары 8-11 сынып оқушыларымен «Жаман әдеттен аулақ бол» тақырыбында тренингтар өткізді.
Осы онкүндікке байланысты Астана қаласының Білім басқармасы мен Балалардың құқықтарын қорғау басқармасы бірлесіп ұйымдастырған қолөнер көрмесіне мектеп оқушылары Қазақ халқының зергерлік бұйымдарын жасады. 20.11. күні Дүниежүзілік балалар күні мерекесіне байланысты Махамбет Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайында салтанатты мерекелік шара өтті. Салтанатты шараға көрмеге жұмысын жіберген оқушылар арнайы шақырылып, сыйлықтармен марапатталды.