Отрасли
Обсуждения
Новость

Жігіт Сұлтаны – 2014
6 наурыз күні мектебіміздің мәжіліс залында «Жігіт Сұлтаны-2014» байқауы өткізілді. Байқауға 9-11 сынып оқушылары арасынан 7 үміткер қатысты. Байқау барысында үміткерлер таныстырудан бастап жеті түрлі сын кезеңдерінен өтті. Әр сайыстан соң әділқазылар алқасы әділ бағаларын бере отырып, араларынан Жігіттің сұлтандарын таңдап алды. Нәтижесінде әділқазылардың шешімі бойынша 11 сынып оқушылары Асқарбеков Бейбарыс пен Жүсіпназар Досбол Бас жүлдені, 10 сынып оқушысы Амангелді Аңсар екінші орынды, 10 сынып оқушысы Саңылау Диас үшінші орынды жеңіп алды. 10 сынып оқушысы Серик Алишер, 9 сынып оқушылары: Сериков Дидар мен Майышев Бақбер қатысушы дипломдарымен марапатталды.
Байқауымызға арнайы шақырылған қонақтарымыз Астана қаласының «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының атқарушы хатшысы Құдайбергенова Шұғыла мен «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының Републикалық штаттың бас маманы Қазтаева Гүлнұр байқау соңында қатысушыларға жылы лебіздерін білдіріп, Бас Жүлде иелеріне арнайы сыйлықтарын тапсырды. Сонымен қатар байқауға қатысушыларды директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Асем Теміржанқызы, Кампитова Салтанат Амановна, орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Кемельбаева Зухра Сапахуновна, ата-аналары, сынып жетекшілері, сыныптастары құттықтады.
Байқауға қатысқан оқушыларға, ата-аналарына, сынып жетекшілеріне және сыныптастарына зор алғысымызды білдіреміз!