Отрасли
Обсуждения
Новость

6-шы наурыз күні №58 мектеп-гимназиясында Көктем аруы-2014 сайысы өтті.
6-шы наурыз күні №58 мектеп-гимназиясында Көктем аруы-2014 сайысы өтті.
6-шы наурыз күні №58 мектеп-гимназиясында Көктем аруы-2014 сайысы өтті. Сайысқа мектептің 8-10 сынып қыздары қатысты. Сайысты ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Бақыт Қабимолдақызы ұйымдастырып өткізді. Сайыс 6 кезеңнен тұрды.Олар:
1) Таныстыру «Мен қазақтың қызымын»;
2) Ісмерлік өнер "Қыз еркем-кестесімен көркем";
3) Қыз бала тәрбиесіне байланысты даналық сөздердің мағынасын ашу "Қызды тәрбиелеген-ұлтты тәрбиелейді";
4) Қыздар өнері «Ән, би, көркем сөз оқу, күй тарту»
5) Музыка ырғағымен сәндік киім және шаш үлгісі "Сұлулық сыры";
6) Лездік сұрақтарға жауап беру "Зерделінің ойы озық".

Сайыстың мақсаты: Қыздарымыздың халық ауыз әдебиетін, салт-дәстүрі туралы білімдерін байқау.Ән-би,қолөнер тәрізді халықтың өнерінен хабарлығын білу.Анаға құрмет көрсету, көктемнің шуақты күндерімен сабақтаса келетін бұл мейрамды тойламайтын халық жоқ. Бәрімізде ананың ақ сүтінен нәр алып өсіп-өніп келеміз. Күллі дүние де абзал да асыл жандардың алдында бас иеді. Қыздарымыз аналарына, ұстаздарына деген махаббаттарын өз өнерлері арқылы көрсете алды.
Көктем аруы-2014,атағын 10 ә сынып оқушысы Тілеумес Шапағат жеңіп алды. Шапағат сахнаға қазақтың бүрмелі көйлегін, үкілі кәмшатын киім әсем күй ырғағымен билеп шықты. Өзі шығарған таныстыруын "Мен қазақтың қызымын" деген сөзбен бастады. Сайысқа қатысқан арулардың әрқайсысы сыйлықтан құр алақан қалған жоқ. Инабатты ару, Ісмер ару, Көрермен көзайымы және т.б. атақтарға ие болды. Мектептің тәрбие ісінің меңгерушісі Утенова Гүлнұр Төлеубековна сайысқа қатысқан аруларды құттықтап, марапаттауларын тапсырды. Сайысты көруге келген Ата-аналар,ұстаздар сайыстан жақсы әсер алды.