Отрасли
Обсуждения
Новость

Наурыздың жауһар сырлары
15.03-19.03.2014 күндері аралығында мектебімізде қазақ халқының төл мерекесі Наурызға байланысты "Наурыздың жауһар сырлары" атты мерекелік іс-шаралар, сынып сағаттары, жәрмеңкелер және көрмелер өтеді.
15.03-19.03.2014 күндері аралығында мектебімізде қазақ халқының төл мерекесі Наурызға байланысты "Наурыздың жауһар сырлары" атты мерекелік іс-шаралар, сынып сағаттары, жәрмеңкелер және көрмелер өтеді. Оқушыларға өтілетін сынып сағаттары белгілі бір тақырыпты ашумен қатар, халқымыздың салт-дәстүрлері менен әдет-ғұрыптарын тереңдете қарастырады. Жәрмеңкеде ұлттық тағамдар, көрмеде ұлттық бұйымдар мен қолөнер туындылары ұсынылып қана қоймай, оларды сатып алу мүмкіншілігі туады. Соныменен қатар, оқушылар арасында арқан тартыс, асық және қазақша күрес сияқты ұлттық ойындар ойнатылып, жарыстар ұйымдастырылады.