Отрасли
Обсуждения
Новость
«Өзім – бұл мен, өзге – ол менің досым: біз қандай қыз болып өсуіміз керек?» тақырыбында өткізілген ауызша журналға ақпарат
6-наурыз күні 5-7 сынып қыздарының қатысуымен «Өзім – бұл мен, өзге – ол менің досым: біз қандай қыз болып өсуіміз керек?» тақырыбында мектебіміздің ұстазы Есенеева Қарлығаш Төлегенқызы ауызша журнал өткізді.

Іс-шараның мақсаты: оқушыларды қазақтың салт-дәстүрін ұғындырып, меңгерту. Өнерге деген құштарлығын оята отырып, имандылық салтын қалыптастыру. Оқушыларға «Өнегелі, тәрбиелі қыз бала қандай болу керек?» деген сұрақтар төңірегінде тәлім-тәрбиелік маңызы зор әңгіме жүргізілді, слайдтар арқылы тиым-ырым сөздердің мазмұны түсіндірілді.
Мұғалімнің кіріспе сөзінде әрбір елдің өміріндегі шешуші кілт - қыздарға берілетін тәлім мен тәрбие арқылы өлшенетіндігі жайлы айтылды. Біздің халқымызда «Қыз» деген сөздің өзі әдеміліктің, әдептіліктің, жан-жақты сұлулықтың символы ретінде қолданылатындығы туралы айта келіп,
ақ жолға бастайтын жеті жетекші туралы, қазақ халқы қызының жазылмас дертке ұшырамауы үшін, жаза қадам баспау үшін қыздарына қойылған он түрлі талап және 40 тиым туралы түсінік берілді. Сонымен қатар, қыз бала тәрбиесіне байланысты даналық сөздердің мағынасын ашумен жалғасып, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтің «Қыздарға» өлеңімен қорытындыланды.