Отрасли
Обсуждения
Новость

БӘРІҢЕ, БӘРІҢЕ,БӘРІҢЕ...
Бәріңе, бәріңе,бәріңе...
8 наурыз халықаралық аналар күніне орай №52 мектеп-гимназия ұстаздарының арасында мектеп әкімшілігінің қолдауымен, дене шынықтыру бірлестігінің ұйымдастыруымен спорттық жарыс өтті. Жарыс бірнеше кезеңге жоспарланды. Мектеп ішінен 8 бірлестік команда құрып, 4 адамнан құралған топпен жарысқа түсті.
Сайыс кезеңдері төмендегідей болды:
І. Доппен жүгіру, секіртпемен секіру.
ІІ. Қаппен секіру.
ІІІ. Белгіленген орынға барып, шарды жару.
ІҮ.Арқан тартыс.
Ү. Топбасшылар арасында қол тіресу.
ҮІІ. Нысанаға мылтық ату.
Сайыста әділ төрелік ету үшін әділқазы алқалары құралды. Әділқазы мүшелері ретінде директордың ғылыми жұмыстары бойынша орынбасары С.С.Жұрымбаева, мектептің кәсіподақ төрайымы Б.Н.Наурызбекова, дене шынықтыру бірлестігінің жетекшісі, аға оқытушы Баяр Ноғайұлытөрелік етті.
8 бірлестік мүшелері барынша күш – жібер салып, сайысқа ерекше белсенділікпен қатысып, көрермендердің ыстық ықыласына ие болды. Жарыс болған соң қатысушылар жеңіске ұмтыла, алыспай беріспейміз ұранын ұстана отырып, берік бекінген секілді. Және іс – жүзіне де бұл жеңіске деген құлшыныстарын дәлелдей білді.
Сайыс нәтижесі төмендегідей болды:
Бас жүлде– Бастауыш сынып бірлестігі
І орын– Ағылшын тілі бірлестігі
ІІ орын- Жаратылыс тану бірлестігі
ІІІ орын-Информатика-физика бірлестігі
Сайыс соңында жеңімпаздар дипломдармен марапатталып, бас жүлде иегерлері БАСТАУЫШ СЫНЫП БІРЛЕСТІГІ бағалы сыйлыққа ие болды.