Отрасли
Обсуждения
Новость

ҰСТАЗЫ ЖАҚСЫНЫҢ – ҰСТАМЫ ЖАҚСЫ
Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы
2014 жылдың 10 ақпаннан 3 наурыз аралығында АстанаГуманитарлық Колледж машықкерлері Астана қаласындағы №52 мектеп-гимназиянан жоспарлы іс – тәжірибеден өтті. Машықкерлер 3 «Б», 2 «Г» сыныптарында сыныптан тыс тәрбие жұмысы бойынша тәжірибеден өтті. Сынып жетекшісі Адильханова Жанат Сайлаухановна және тәжірибелі үлағатты ұстаз Дариға Үсенқызы Сәрсенова.
2 ка тобының машықкерлері Шантаева Нәзира, Сағынаева Айтолқын, Серикова Молдир жұмыста аса белсенді қарқынмен бастап кетті. Жетекшілермен танысып, оқушылардың тізімі, сабақ кестесі, асхана тәртібі сынды сан қилы жұмыстарды өз міндеттеріне алды. Сонымен қатар, осы уақыт ішінде әрқайсысы екі ашық тәрбие сағаттарын өткізді.
15.02.2014 күні Сағынаева Айтолқын «Денсаулық зор байлық», 21.02.2014 күні «Достық қымбат өмірде», Шантаева Нәзира «Дұрыс тамақтануды білеміз бе?» ,17.02.2014 күні «Мен Отанымды сүйемін» ,Серикова Молдир 19.02.2014 күні «Жол тәртібін сақтаймыз», 25.02.2014 күні «Зиянды әдеттерден аулақ бол!» атты тәрбие сағаттарын қызықтыра әрі тартымды өткізе білді.
Сабақтар мақсатты түрде жоспарланып, алға қойған нәтижелер орындалып жатты. Өйткені, машықкерлер алдын ала дайындықпен, ұстаздардың ақыл – кеңесіне жүгіне отырып, жұмысқа құлшына кірісті. Көрнекіліктері эстетикалық талғамға сай, сабаққа жауапкершілікпен қарады. Оқушылармен жақсы қарым-қатынаста болды және оларды ұқыптылыққа, үнемділікке,ұйымшылдыққа тәрбиелей білді. Педагогикалық білімін іс – тәжірибеде қолдана алатын әдіс – тәсілдерін тиімділігін меңгерген болашақ педагог даярлығында өздерін көрсете алды.

Оқушыларды күтіп алып, шығарып салып міндеттерін орындап жүрді.
Өткізген тәрбие сағаттарын белсенділікпен, оқушыларды тыныштандырып, ұйымдастыра алды. Аттары аталған машықкерлердің сөйлеу мәдениеті, өзін-өзі ұстауы мұғалімдік қызметке сай болды.
Болашақта өз мамандығына шебер ұстаз бола алатынына сеніміміз мол.