Отрасли
Обсуждения
Новость
«Шексіз математика»
І Халықаралық «Шексіз математика» атты математикалық турнир Болгария мемлекетінің математика саласындағы белді орталығы ұсынысымен өткізілді.
І Халықаралық «Шексіз математика» атты математикалық турнир Болгария мемлекетінің математика саласындағы белді орталығы ұсынысымен өткізілді. Бұл турнир бірнеше маусымдық ойыннан тұрды. Турнирдің қысқы маусымына мектептен 5-8 сынып оқушыларынан 45 оқушы қатысқан болатын. Турнир есептері оқушылардың логикалық ойлауына құрылған қызықты да, «қыңыр» есептер болды. 20 есептен тұрған тестің есептері жеңілден ауырға қарай құрылған. Осы турнирде Нарбаев Бақдәурен 2-орын, Абдыгалиев Жандос,Әлібеков Әлішер, Асқарұлы Тарлан,Шуншалин Мейрам, Рыскулова Айбану 3-орынды иеленді.
Оқушылар Болгариядан жіберілген арнайы Диплом және күміс, қола медальдармен марапатталды.
Жеңімпаздарды халықаралық деңгейдегі жетістіктерімен құттықтаймыз!