Отрасли
Обсуждения
Новость
«Сатылай кешенді оқыту» технологиясы бойынша тәжірибе алаңы
«Сатылай кешенді оқыту» технологиясы бойынша тәжірибе алаңында
«Тілім менің – тірлігімнің айғағы» атты тақырыппен оқушылар арасында мектепішілік ауызша командалық олимпиадасы өтті.
Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясы 2014 жылдың 11 наурызында «Сатылай кешенді талдау» технологиясының негізін қалаған Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің оқытушысы, филология ғылымдарының докторы,профессор,әдіскер – ғалым Нұрша Алжамбайқызы Оразақынованың және қала мұғалімдерінің қатысуымен«Сатылай кешенді оқыту» технологиясы бойынша «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» атты тақырыппен оқушылар арасында мектепішілік пәндік ауызша командалық олимпиадасы өтті. Мақсаты - сатылай кешенді оқытудың рөлі мен маңыздылығын ашып, оқушыларға білімді ғылыми негізде сатылай, жүйелі, кешенді меңгертіп, оларға ұлттық құндылықтарды бағалай, қолдана білуге машықтандыру. Бұл әдіс оқушылардың теориялық білімдерін жетілдіруге бағытталған. Барлық пәнненберілген сұрақтар мен тапсырмаларға команда мүшелері ауызша жауап берді. Білім сайысына мектебіміздің қатысқан командалар тізімі төмендегідей болды.

Топ жарған үздік командалар сәуір айында өтетін қалалық олимпиадаға жолдамалар алып, бақтарын сынайтын болды.Барлық қатысқан командалардың әрбір оқушысына осы технологияның авторы Нұрша Алжамбайқызы Оразақынова өз қолынан мақтау қағаздарын табыс етті.
Тілді тиянақты, әрі жүйелі түрде үйрету үшін мұғалімдер оқытудың жаңа технологияларын тиімді пайдалана білуі қажет. Жаңа технологияны пайдаланудағы ең басты шарттарының бірі – осы технологиямен толық қаруланған мұғалім. Жаңа технологияны жақсы меңгеруі мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да адами қабілетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Қазіргі таңда Қазақстандық ғылымның озық технологиясымен жете танысып меңгерудеміз, солардың бірі ғалым Н.А.Оразақынованың «Сатылай кешенді талдау технологиясы».
Заңғар жазушы Мұхтар Әуезов «Халықты халықпен теңестіретін-білім» деп атап көрсеткендей, қай елдің болсын өркендеп өсіп-өнуі сол елдің білім деңгейі мен даму жүйесіне байланысты. Рухани ұлттық қажеттілікке жараған білім-ең мықты білім, оның нәрін бойына сіңірген ұрпақ елімізді гүлдендіріп, болашағымызды дамыта алады. Ал сол білімді шәкірт санасына себуші-ұстаз. Жаңа технологияның қыр-сырын меңгерген мұғалімдер білім сапасын арттыруға барынша үлес қосып, ұрпақты жаңа заманға сай біліммен қаруландыратынына сенеміз!