Отрасли
Обсуждения
Новость

Жаңаша оқыту - заман талабы
Білім беруді жаңарту үнемі алға қарай ұмтылу мен дамыту үдерісі, бұл білім беруде кезең-кезеңімен өтетін және алынған нәтижелерге бағытталған өзгерістер. Қоғамдағы жүріп жатқан өзгерістер, ғылыми техникалық прогресс және жалпы білім беретін мектеп құрылымының өзгеруі - жас ұрпақты тәрбиелеуді дамытып қалыптастыруды талап етеді.Осы орайда Қазақстан Республикасы Жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша курстар ұйымдастырылуда.
Мектеп басшыларына арналған бағдарламаның басты ерекшелігі – көшбасшылықты дамыту, бөлінген көшбасшылық, зерттеуге негізделген оқу, құндылық, мектеп мәдениеті, мектепке өзгеріс енгізу тәсілдеріне түсінік беру және әлемдік озық педагогикалық тәсілдер мен білім беру тәжірибесімен танысу.
Біздің мектептің директоры Умарова Алма Қайрбулатқызы да 2014 жылдың 3 ақпаны мен 11 желтоқсан аралығында «Қазақстан Республикасы Жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы» бойынша ұйымдастырылған курс тыңдаушысы.Курс негізінен екі кезеңнен тұрады:
ІІ – кезең мектептегі тәжірибе
Ақпанның 27-cінен бастап, Алма Қайрбулатқызы І кезеңде алған теориялық білімін мектеп тәжірибесінде іске асыруда.
Тәжірибенің тақырыбы: 9 «а» сынып оқушыларының танымдық белсенділігін жаңа әдіс-тәсілдер арқылы арттыра отырып, білім сапасын көтеру.
Мақсаты:
9 сыныпта сабақ беретін мұғалімдердің сабаққа деген көзқарасын топтық жұмыс арқылы өзгерту;
9 сыныптарда оқушының іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыру және жауапкершіліктерін нығайту арқылы білім сапасын көтеру;
9 сыныптарда сабақ беретін пән мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету;
9 сыныптарға сабақ беретін мұғалімдердің АКТ мүмкіндіктерін тиімді қолдану.
Күтілетін нәтиже:
- Топтық оқытуды меңгере отырып, жаңа форматтағы сабақ жоспарларын құра біледі.
- Оқушылардың сабаққа қызығушылығы артады
- АКТ-ны толық меңгереді.
- Білім сапасы артады.
- Сыныпта ынтымақтастық жағдай қалыптасады.
- Оқушының жауапкершілігі артады.
- Оқыту үрдісіндегі олқылықтар байқалады.
- Мұғалімдер курс мазмұнымен, жаңа терминдермен танысады.
І.Кіріспе - коучинг (03.03.2014ж).Тақырыбы:Мектепті дамыту бағдарламасы.
Қатысушылар: 9 «а» сыныбына сабақ беретін мұғалімдер мен І,ІІ,ІІІ деңгейлік курстан өткен мұғалімдер.
Нәтижеге бағытталған 7 модульден тұратын бағдарламаның мазмұнымен таныстырды:
(әріптестермен сұрақ - жауап ұйымдастыру)
-
Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер. Оқушыларға білім беруде жаңа тәсілдерді «Диалогты оқыту әдісі» және «Қалай оқу керектігін үйрету» туралы;
-
Сыни тұрғыда ойлауға үйрету. Оқытуда оқушылардың және мұғалімдердің сыни тұрғыда ойлауын дамытатын түрлі стратегиялар мен әдіс түрлерін қолданудың тиімділігі туралы;
-
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. Бағалаудың түрлері туралы;
-
Оқыту мен оқуда АКТ пайдалану
-
Талантты және дарынды балаларды оқыту.
-
Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес оқыту.
-
Оқытуды басқару және көшбасшылық.
ІІ – коучинг (05.03.2014ж).Тақырыбы: «Ынтымақтастық және топтық оқыту»
Мақсаты: Әріптестер арасында ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыра отырып, оқыту мен оқуда бірлескен топтық жұмысты ұйымдастыру туралы білімдерін толықтыру
Қатысушылар: 9 «а» сыныбына сабақ беретін мұғалімдер мен І,ІІ,ІІІ деңгейлік курстан өткен мұғалімдер, әкімшілік.
Коучинг барысында өздігінен білім алуға, білімдерін қолдануға, ізденуге, шығармашылыққа ұмтылуға, іс-әркет жасауына, ұмтылуына бағыт бағдар беру көзделеді. Коучинг бойы топ мүшелерінің барлығы дерлік іс - әрекет үстінде, жұмыс жасау, іздену үстінде болады. Алма Қайрбулатқызы осы іс- әрекетті ұйымдастырушы және басқарушы болады.
Коучинг соңында әр мұғалім топтық жұмыстың маңызын түсініп, топтық жұмыстың оңтайлы жақтарын тәжірибесінде пайдаланудың тиімділігіне көздері жетті.
Ой толғаныстар:
Топтың жұмыстың маңыздылығына көз жеткіздік. Рахмет!!!
Білімпаздармен толықсын қоғамымыз.
Сол үшінде күш салсын әрбір ұстаз.
Жадырасын көктем күніндей жанымыз!
ІІІ – коучинг (10.03.2014ж). Тақырыбы:Сыни тұрғыдан оқыту мен жазу технологиясы: ЖИКСО стратегиясы
Мақсаты:Оқытуда оқушылардың және мұғалімдердің сыни тұрғыда ойлауын дамытатын түрлі стратегиялар мен әдіс түрлерін қолдану білу.
Қатысушылар: 9 «а» сыныбына сабақ беретін мұғалімдер мен І,ІІ,ІІІ деңгейлік курстан өткен мұғалімдер.
Алма Қайрбулатовна СТО технологиясы туралы мәлімет бере отырып, бұл бағдарлама 92 әдістен тұратынын және оның формалары туралы айтты. Соның бірі – ЖИКСО-2 стратегиясы -мәтінмен жұмыс істеу.
Осылай сабақты түрлендіру арқылы оқытудың түрлі әдістерін пайдаланса, игі нәтижеге жетері сөзсіз екені туралы қорытынды жасалып, сабақта жиі қолдану туралы шешім қабылданды.
Ой толғаныстар:
- Бұл - ЖИКСО әдісі. Басында қобалжу болғанымен бірақ еске түскесін, қызықты болды. Сабақта қолдану өте тиімді, оқушылар өздігінен білім алады және уақыт үнемделеді, ең бастысы есте сақтау қабілеті дамиды. Рахмет!
- бүгінгі коучингтен мен өзіме көптеген пайдалы мағлұматтар алдым.Коучинг қызықты өтті!Метатану ұғымымен таныстым.Оқыту пирамидасы туралы ақпарат алдым. Рахмет!