Отрасли
Обсуждения
Новость

Математика, информатика, физика күні
4-наурыз 2014 жылы мектеп бойынша «Ғылыми апталықтың» математика, информатика, физика күнінің өтті. Бірлестік бойынша бұл күнге пән мұғалімдері түгелдей қатысты. Бірінші орындағанымыз бірінші, үшінші, төртінші қабаттарды әсемдедік. Есенбаева Г.Е. 11Ә сыныбымен «Атақты математиктер» жайлы сыныптан тыс іс- шара өткізді. Оған оқушылар өте тыңғылықты дайындалған. Үміт Баймолдақызы 8- сыныптар арасында «Математикалық сайыс» өткізді. Онда оқушылардың математика пәніне деген қызығушылықтары бар екенін байқауға болады, жәнеде 6- сыныптар арасында математикалық айтыс кірістірді. Информатика пәні мұғалімі Батырханова М.А. «Кім жүйрік, кім тапқыр?» 7- сыныптар арасында сыныптан тыс шара өткізді. Бұл шарада оқушыларды қызықтыра алды. 5А, 5Ә сыныбымен математикадан Зияданова К.Б. «Жұлдызды сәт» математикалық сайысын өткізді. Бұл сабақта оқушылардың белсенділігін көруге болады. 6Ә сыныбында Еркетаева С.Б. «Координаталық жазықтық» тақырыбында ашық сабақ берді. Бұл жаңа тақырып болды. Мұғалім түсіндірді, есеп шығартты, бақылау- карточкасын қолданды. Қосымша бір оқушы координатасы бойынша мысықтың суретін салды. Жанайдарова Ж.Қ. 7Ә сыныбында физикадан «Архимед күші» тақырыбында жаңа сабақ өткізді. Мұғалім оқушыларға түсіндірді. Тапсырмалар орындады. 8А сыныбымен Ахметова А.О. «Электр құбылыстары» тақырыбында қорытынды сабақ өткізді. Сабаққа оқушылар жақсы қатысты. Тәжірибелік жұмыс көрсетті. Сонымен ғылыми апталықтың математика, информатика, физика пәндерінің күні де өз мәресіне жетті. Жоспарланған іс- шаралар түгел өткізілді. Оқушылардың да қызығушылығы артты.
ӘБ жетекшісі: Зияданова К.Б.М.
ӘБ жетекшісі: Зияданова К.Б.М.