Отрасли
Обсуждения
Новость
«ЖИТС-21 ғасыр дерті»
«Ғылым» апталығы төңірегінде 5 Наурыз күні 8 «Ә» сыныбында ашық сабақ өткізілді. «Әрбір жаманшылықтың жағасында тұрып, адамның адамдығын бұзатын жаманшылықтан бойын жинақтау, бұл адамға нұр болады» деп Абай атамыз айтқандай бүгінгі сайыс сабағымыздың тақырыбын «ЖИТС-21 ғасыр дерті» деп алып отырмыз. Оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру өз бетімен жұмыс жүргізе білуге дағдыландыру, ойлау қабілетін дамыту мақсатында сабақты түрлендіріп өткізуге тырыстым. Әрине, әр сабақтың құндылығы мұғалімнің білім деңгейіне байланысты. Сабаққа оқушылардың « ЖИТС » тарауы бойынша алған білімдерін қорытындылап, бір жүйеге келтіру, вирус аурулары мен қоршаған орта арасындағы байланысты анықтай білуге үйрете отырып, оқушылардың ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамытуға салауатты өмір салтын ұстануға тәрбие беру мақсатын қойдым. Білім алушылар екі топқа бөлінді.1.«Болашақ» тобы. 2.«Жасұлан» тобы. Әр топта 10 оқушыдан. Екі топқа бөлінген оқушылар жеке-жеке отырғызылды, сайыс мақсатымен таныстырылды. Сайыс сабақ жоспары: 1. Визиткалық карточка ( топ аты, ұраны, топ эмблемасымен таныстыру), 2. «Ситуациялық жағдайды талдау», 3. Пікірталас, 4. «Бейнелі сұрақ», 5. «Мұны әрбір оқушы білуге тиіс», 6. «Болашақ» жобасын қорғау. Қазылар алқасы әр кезеңнен кейін ұпайлық жүйемен бағалады. Қазылар алқасы құрамында биология, химия, физика пән мұғалімдері отырды. 2 топта белсенділік танытып сайыс сабағымыздың тақырыбын аша білді.
Қазіргі уақытта көптеген аурулардың алдын ала егілетін вакциналары бар, емі бар. Ал ЖИТС ауруының қауіптілігі – оның емінің табылмай отырғанында. Бұл дүние жүзінің халқын алаңдатып отырған ғаламдық мәселе. Сондықтан әрбір адам осы ауру туралы жан-жақты білсе, мұндай дерттің алдын алуға болады.

Биология пән мұғалімі: Сансызбай Нургуль