Отрасли
Обсуждения
Новость
1 наурыз күні мектеп-лицей оқушыларына бүкіләлемдік Азаматтық қорғау күні өткізілді
Астана қаласы Білім басқармасының бұйрығының негізінде 1 наурыз күні мектеп-лицей оқушыларына Азаматтық қорғау күніне арналған салтанатты сап түзеумен апталық жұмысы басталды.
Астана қаласы Білім басқармасының бұйрығының негізінде 1 наурыз күні мектеп-лицей оқушыларына Азаматтық қорғау күніне арналған салтанатты сап түзеумен апталық жұмысы басталды. Салтанатты сап түзеуді алғашқы әскери дайындық мұғалімі Амангелдіұлы Мейір бүкіләлемдік Азаматтық қорғау күнінің маңыздылығын түсіндіріп, 10-сынып оқушылары апатты жағдайлардың алдын алу шаралары туралы мәліметпен таныстырды. Жоспар бойынша әңгімелер, пікірталастар, викториналық сұрақтар, практикалық сабақтар, сынып сағаттары өткізіліп, мектеп кітапханашысы Қожабекова Г.Т «Өмірдегі қауіпсіздік негіздері» атты көрме ұйымдастырды.Бастауыш сыныптарда жолда жүру ережелеріне байланысты 1-сыныптарда"Тоқта, бағдаршам!", 2-сыныптарда "Жолда жүру ережелерін білесің бе?" атты сыныптан тыс жұмыс ұйымдастырылды. Мектеп инспекторы МАИ қызметкерлерімен бірге оқушыларға жолда жүру ережелерін түсіндіріп, оқушылармен ойын түрінде жаттығу өткізді.
3-4 сыныптарда "Өзіңді қорға және өзгеге көмектес" атты сыныптан тыс жұмыс түрі өткізілді. Мұнда оқушылар өмір қауіпсіздік ережелерімен таныстырып, өзіне және өзгеге қалай көмектесу керектігі туралы маңызды мәліметтер келтіріп, тәрбиелік мәні зор ой түйді. Мектеп парламенті мүшелері "Сан сұрақтың жауабы" атты викторина жүргізді. "Дебат" клубы жетекшісі Сүлейменов Е.Т ұйымдастыруымен "Азаматтық қорғаныс қызметінің маңызы" атты пікірсайыс түрі жас ұстаздар мен оқушылар арасында өткізілді. Апталық соңы "Бәріңе! Бәріңе!" атты дабыл қағылып, барлық мектеп-лицей оқушылары мен қызметкерлеріне жаттықтыру шарасы ұйымдастырылды.