Отрасли
Обсуждения
Новость

"Ал кәнеки қыздар-ай"
Сырбай Мәуленов атындағы № 37 орта мектептің оқушылары 8 наурыз халықаралық әйелдер күніне орай «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы мерекелік іс – шара өткізді. Бұл шарамыз ай жұлдызды арулар мерекесіне арналды. «Жас Ұлан» ұйым мүшелігіне өткен әр сыныптан екі қыздан жинап «Қызғалдақ» және «Қыздарай » тобы құрылды. Қатысқан сыныптар 7,8,9,10 сыныптар қыздары бір топта сегіз қыздан барлығы он алты қыз қатысты. «Қызғалдақ» тобы мен «Қыздарай» тобы бар өнерлерін ортаға салды. Бұл сайыс өте қызықты спорттық эстафета түрінде өтті. катыспаған сыныптар көрермен ретінде қатысып өздерінің белсенділіктерін танытты.Ойындағы қыздарымыз берілген тапсырманы қиналмастан аяқ асты берілген тапсырманы мұхият орындап, ойынды қыздырды. Бұл кешімізде қыздар келесі номерге дайын болғанша арасында үзіліс жасап 7 «А»сынып оқушысы Абдуллаев Қасиет оқушымыз «Анаға құрмет» өлеңеңін нақышына келтіре орындады. Гимнастшы қызымыз Дамира,биші қызымыз Аминада көрермен ретінде қатысып отырған оқушыларымызды таң қалдырды. Бәрі өз өнерлерін көрсетіп кешті әрі қарай жандандырды. Кешіміздің әділдігін ашып айтатын әділ – қазыларымыз да қатысты.
Әділ қазы мүшелеріміз:Тарих пәні мұғалімі Қанат Өмірзақұлы.
Денешынықтыру пәні мұғалімі Рамазан Зарлықұлы.
Денешынықтыру пәні мұғалімі Төрехан Ережеепұлы
Мектебіміздің Ұланбасы Бірлес Дархан
Ойын сәтті өтті, әділ – қазы мүшелеріміз өз төреліктерін әділ жасап «Қыздарай» тобы жеңіске жетті.
Өткізген мектеп тәлімгері: Байдильдаева Дина Қылышбайқызы