Отрасли
Обсуждения
Новость

Тоғызқұмалақ жарысы өз мәресіне жетті
Наурыздың 12-14 жұлдыздарында Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясында аудандық және қалалық спартакиада бағдарламасы бойынша тоғызқұмалақ жарысы өтті.
Наурыздың 12-14 жұлдыздарында Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясында аудандық және қалалық спартакиада бағдарламасы бойынша тоғызқұмалақ жарысы өтті. Қаланың барлық мектептерін бір қара шаңырақтың астына жинаған бұл шара қызықты әрі қызу болғаны хақ. Мектептер арасындағы бұл жарыстан әр қатысқан және көрген оқушылар тәлім-тәрбиеден сусындап, спортқа деген ынта-жігері, қызығушылығы мен сүйеспеншілігі артып, қазақ халқының ұттық ойыны тоғызқұмалақтың қадір-қасиетін жіті түсінгені мәлім. Бұл жарысқа белсене қатысқан оқушыларға алғысымызды айта отырып, болашақта мұндай жігерлі де қайсарлы, қуатты да қайратты, ұшқыр ойлы да зерек жастардың еліміздің гүлденуіне зор үлесін қосатынына сенімдіміз. Тоғызқұмалақ ойыны тек спорттық қана емес, білімнің де жарысы екенін ұмытпаған жөн. Тоғызқұмалақ жарысы қатысушылар бойындағы бұл дарындылықты ортаға салуына, бір-бірімен тәжірибе алмасуына, бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, спортқа деген құмарлығын оятуға үлкен септігін тигізді. Жарыс қорытындылары бойынша анықталған жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар жеңімпаздарды №4 мектеп-гимназиясының атынан құттықтаймыз!!! Өзіміздің мектептің мақтаныштары әрі озықтары атанған оқушылар тоғызқұмалақ жарысының аудандық кезеңінен 3 орынды, қалалық кезеңінен 5 орынды қанжығасына байлады. Атап айтқанда, бұл жетістікке қол жеткізген оқушыларымыз – Сағындықова Мадина, Аймаков Альфараби және Жансейтов Олжас. Жеңімпаздарымызды жетелеп, өз өнерін бойларына дарытқан, спорт саңлақтарына айналдырған, дарындылықтарын дамытқан жетекшісі Е.М.Сарсембековқа мектеп атынан ерекше алғысымызды білдіреміз. Бағынбас шыңдарды бағындырып, өз өнерлерін ұштап, дарындылақтарын одан әрі шыңдауға бар септігімізді тигізіп, болашақта дара да сара жолға түсулеріне тілектеспіз!




