Отрасли
Обсуждения
Новость
Ә.Марғұлан атындағы №40 орта мектеп бізде қонақта
Көрісу айты – қазақтың ежелден келе жатқан салт-дәстүрлерінің бірі.Көрісу айты – күн мен түннің теңелу мерекесіне бір апта қалғанда басталады.Көрісу салты -ағайын-туыстың жақындығын білдіріп, бір-біріне амандық, жақсылық тілеп тілек айтады. Салт бойынша көрісу күндері 40 үйге кіріп, амандық сұрасып тілек айтатын болған.Осындай салт бойынша Ә.Марғұлан атындағы № 40 мектептің директоры Ербол Исламұлы бастаған ұстаздар қауымы мектебімізге келіп көрісу салтын жасады.
АМАНДАСУ
Наурыз мерекесі. Ықлым заманнан, Жаңарудың,жақсылықтың нышаны ретінде аталып келе жатқан бұл мерекенің көптеген белгілері, шарт үлгілері бар. Соңың бірі-Амандасу, қауышу. Бұл, қыстың қыспағынан аман шыққан ағайынның бір-бірін іздеп барып, есендігін біліп, қуана қауышуы, табысуы. Қажет болса, көмек беруі. Ізгілікке толы салт, ескі күнтізбе бойынша наурыздың-1, жаңаша 14 жұлдызында аталған. Наурыздың 14 күні біздің мектепке Ә. Марғұлан атындағы №40 орта мектептің директоры Іргебай Ербол Ісләмұлы орынбасарларымен осы салтты жаңғырта келіп, амандасты. Бұл дәстүрлі келістің бірінші мақсаты, күні кеше,оқушылардың жартысы мен ұстаздардың басым бөлігі ауысқан жаңа мектептің тыныс- тіршілігін білу болса, екіншіден, кешегі ұстазы, бүгінгі әріптесіне ерекше ілтипаты. Қандай жарасымды, адамгершілік пен ізгілік көрінісі ...
С.Есенберлина, тәлімгер