Отрасли
Обсуждения
Новость
Салт-дәстүрімізді білеміз бе?
Салт-дәстүрімізді білеміз бе?
Мақсаты: Оқушыларға Наурыз туралы түсінік беру, ұлттық дәстүр-
лермен таныстыру, халқымыздың салтын, әдет-ғұрпын
құрметтеуге жан-жақты дамыту, өнегелі, өнерлі азамат
болуға, бірлікке, достыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: залға киіз үйдің жартсын құрып, жабдықтау, нақыл
сөздер.
Жеңісбек Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!
Босқа қарап тұрмаңыздар!
Наурыз тойы басталды!
Көргендер де арманда,
Көрмеген де арманда.
Алима Армысыздар, халайық,
Бармысыңдар халайық.
Наурыз тойын жұп жазбай,
Биыл қарсы алайық!
Досқа құшақ ашайық,
Өлең жырға басайық.
Қазақтың бір салты деп,
Тойға шашу шашайық!
Би:«Шашу» биін 4 «Ә» сынып оқушыларының орындауында
тыңдаңыздар.
Жеңісбек Ілесіп Наурызбен көктем жетсін!
Көңілін үлкен-кіші көкке өрлетсін!
Еңсесі көтеріліп ер азамат,
Ескі жылмен реніш, өкпең кетсін!- дегендей,ескі жылда есірке жаңа жылда жарылқа деп «Жылқы» жылдарыңыз құтты болсын! Ақ мол болсын, бақыт, табыс, достық әкелсін!
Би: «Жылқышы» биін 3 «Ә» сынып оқушылары орындайды.
Тәттібала: Ал, достар, бүгін біздің үйдің үлкендері жол жүріп
кетіп еді, сол жолаушылардың жолда басы ауырмасын
«Бастаңғы жаса» деп еді құрдастарым. Бұл бастаңғы-
ның мәнісі –ойын сауық жасап бас қосу. Ал келіңдер
бәрің.
Еренғайып: Ал, достар, келген қонақтар жаңа жылымыз да келді.
Енді тойымызды осы дастархан үстінде думандата бастасақ қайтеді.
Алима:Иә, кәдесін жасап, бір ән айтып берсін.Ортаға 1 «А» сынып оқушылары Мұхтар Нұрахмет пен Айтбаев Бибарысты шақырайық.
Жеңісбек: Келесі кезекті «Әзілің жарасса, атаңмен ойна» -деген екен халқымыз. Сондықтан әзіл-сықаққа да кезек берсек.
Әзіл-сықақ: 3 «Ә» сынып оқушыларының орындауында
Ерсұлтан: (жүгіріп келеді)
Сүйінші! Сүйінші! Ақ жеңешем нәрестелі болды. Сүйінші!
Әже: Ақсарбас! Ақсарбас! Құдайым құтты қылғай!
Ата: Не, дейді кемпір –ау, немерелі болдық па? Мына балаға
сүйіншіңді берсеңші.
Әже: Ойбай-ау, қарағым қалағаныңды ал.
Алима: Құрметті қонақтар, армысыздар,
Бәріңіз де есен –сау бармысыздар.
Бір нәресте қосылды шаңыраққа,
Үзілмеген өмірдің жалғасы бар – деп, келесі кезекте осы
нәрестені бесікке салайық.«Бесікке салу» рәсімін 2 «А» сыныбына берейік
Алима Ақыл, білім - жастарда,
Сөз беремін жастарға.
Оқушылар - өнерінің
Тыңдайық айтыс -өнерін!
«Оқушылар айтысы» :4 «Ә» сынып оқушыларының орындауында
Жеңісбек:
Бөпем менің ай ма екен?
Шекер ме екен,бал ма екен?
Ойнақтап бір бәйгеден
Озып келер тай ме екен-дей отырып осы нәрестемізді қырқынан шығарып
алсақ. «Қырқынан шығару» рәсімін даярлық тобына берейік.
Ән: «Наурыз» 2 «Ә» сынып оқушылары.
Алима: «Тұсаукесер» өлеңін 3 «А» сынып оқушысы Адиа оқиды.
Адиа: Жолға кілем төсейік,
Тұсау жібін кесейік.
Берсін уыз батасын
Шақырыңдар атасын.
Қаптың аузы ашылсын,
Құрт-ірімшік шашылсын.
Көрші-қолаң, келіңдер,
Қаз басқанын көріңдер.
Келесі кезекте осы нәрестенің «Тұсаукесер» рәсімін 3сыныптармен бірге тамашалайық.
Тәттібала: Ұлыстың ұлы күні ,
Құтты болсын, апалар,
Наурызымда аталар,
Қабыл болсын, баталар- деп дастарханға бата берейік.
Ал ата батасын берсін, бәріміз қол жайайық.
Ата бата береді: Сұрасаң бата берейін,
2 «Ә» сынып Үстем болсын мерейің,
Ықыласпен қол жайсаң,
Ақ тілекті төгейін.
Дастарханың мол болсын,
Абыройың зор болсын,
Сабаң толсын қымызға,
Шараң толсын уызға,
Әумин десең маған,
Құдай берсін саған,
Аллаху әкбар!
Еренғайып: Ой, Тәттібала атаң мен әжең келді. Тойымызды аулада
жалғастырайық.
Жеңісбек: Жаңарғаны сананың
Ұмытады мұны кім?
Ата салтын бабамның,
Алып келді Ұлыс күн – дегендей ендігі кезекті «Ұлт-
тық ойындарға» берсек «Қол тіресу», « Арқан тартыс»
Наурыз келсе,
Жеңісбек: Барлығы жасарады.
Жасарады, табиғат жасанады,
Алпыс төлдің анасы ақ жүрекпен
Аластасын пәледен босағаны.
Әже: -Алас! Алас! (4 сынып оқушылары)
Кесапатын тигізер кеселден алас!
Алас! Алас!
Бәледен алас!
Алас! Алас!
Соғыстан, табиғат апатынан, барша жамандықтан Алас!
Би: «Қара жорға» бастауыш сынып оқушылары
Алима : Аластаса әжеміз босағаны,
Бар жаманның көңілден босағаны.
Ұлыс күні ағымыз мол болсын деп,
Наурыз көже татуға шақырамыз.
Екеуі қосылып: Оу, ағайын!
Елімізге тыныштық дарытып,
Аузымызды асқа жарытып.
Даңқымызды даламыздан асырып,
Бақ дәулетімізді, бірлігімізді тасытқан,
Ұлыстың ұлы күніне мың алғыс! ( бас иеді)
Осымен бастауыш сыныптар арасындағы Ұлыс күніне арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Келгендеріңізге көп-көп рахмет!