Отрасли
Обсуждения
Новость
Наурыз- жақсылықтың жаршысы
Наурыз - қазақ халқының ұлттық тойы. Жыл басы «Наурыз» парсы сөзінен шыққан «Жаңа күн» деген мағынаны білдіреді. Оның тарихына көз салсақ, сонау көне дәуірден бастау алып, ғасырлармен бірге жасасып кел жатқанын аңғарар едік.
Наурыз - қазақ халқының ұлттық тойы. Жыл басы «Наурыз» парсы сөзінен шыққан «Жаңа күн» деген мағынаны білдіреді. Оның тарихына көз салсақ, сонау көне дәуірден бастау алып, ғасырлармен бірге жасасып кел жатқанын аңғарар едік. Шығыс халықтарында күн мен түннің теңелетін күні 22 наурызға дәл келеді екен. Осы күннен бастап адамзат пен табиғат тіршілігінің жаңа бір сатысы қайыра түлеп, жасарған жаңа бір кезеңі басталып отырған. Наурызда қазақ халқы ақ дастарханын жайып, молшылық пен игіліктің, берекенің нышанын байқатқан. Наурыз мерекесі қарсаңында біздің мектепте жас мамандар бірлестігінің ұйымдастыруымен «Наурыз - көктем мен жаңару белгісі» тақырыбында әдеби-сазды бағдарлама болып өтті. Ұлыстың ұлы күніне айналған қасиетті күні барлық жастар ұлттық киімдерін киіп, ақ дастарханын жайды. Жастар бір-бірімен төс қағыстырып, «Ұлыс оң болсын!», «Ақ мол болсын!», «Ұлыс бақты болсын, төрт түлік ақты болсын!» деген ізгі тілектерін жолдап, жақсылық пен ізгілік мерекесімен құттықтады. Жамбыл мұражайында өткен бұл шараның өзіндік мәні мен мағынасы бар. Дөңегелек үстел басында жастар Наурыз мерекесінің мәнін ашуға тырысты. Өз отбасыларында мерекені қалай атап өтетіндері жайынан, «наурызкөжені» қалай жасайтындарын ортаға салып, өз ойларымен бөлісті. Жас маман Өмірзақ Қанат «Ауылым» әнін шырқады. Жастар ерекше ілтипат көрсетіп, мерекенің қызықты өтуіне атсалысты.
Наурыз тойын тойлаймыз,
Ағыл да тегіл, шарқ ұра!
Наурыз күні тілейміз,
Несіп бер деп халқыма!-
деп әуелеткен жастар әннен шашу шашып, өлең-жырдан нұр төгілдірді. Жәбірен Жұмабек те өзіндік ұлттық өнерге бейім екенін байқатып, қазақтың қара домбырасымен «Өз елім» әнін шарықтатып, көпшіліктің көңілін көтерді. Жастар сонымен бірге ұлттық киім үлгісінің де ерекшелігіне тоқталып, көркемдігі жағынан әлемдік деңгейдегі сән үлгісіне айналғандарын қалайтындарын жеткізді. «Өнерліге өріс кең» деп айрықша өнерді пір тұтқан ғой қазақ халқы. Өнерге жақын жандарды да төбесіне көтеріп, қадірін асырып отырған. Сондай жастардың бірі - мектебіміздегі жас маман Тамбетова Жұлдызды айтуға болады. Жұлдыз осы кешті жүргізуші болумен қатар, Мұхтар Шахановтың «Жігерлендіру» өлеңін оқығанда, талайларды таң қалдырды. Наурыз мерекесі жастардың ұлттық дәстүр, салт-санаға қаншалықты жақын екендерін байқақатын сауалдар топтамасымен жалғасты. Жас мамандар «Тоқымқағар», «Қымызмұрындық», «Ерулік», «Жарапазан», «Ұйқыашар» іспеттес қазақтың ұлттық дәстүрлеріне байланысты өз ойларын жан-жақты беруге тырысты.Іс- шара өзіндік тағылымы бар, жастардың ашық еркін сұхбаттасуына зор ықпалын тигізді.Алдағы уақытта да ізгілікті шаралар жалғасын табады деп ойлаймыз.
Усабаева Айгүл Аюпжанқызы
Жас мамандар бірлестік жетекшісі