Отрасли
Обсуждения
Новость
Н. А. Оразахынованың «Сатылай кешенді оқыту » технологиясы бойынша көшпелі сабақ
Сатылай кешенді оқыту технологиясының мақсаты оқушыларға білімді ғылыми негізде сатылай, жүйелі, кешенді меңгертіп, оларға ұлттық құндылықтарды бағалай, қолдана білуге машықтандырып оқытуға бағытталған.
Сатылай кешенді оқыту технологиясының мақсаты оқушыларға білімді ғылыми негізде сатылай, жүйелі, кешенді меңгертіп, оларға ұлттық құндылықтарды бағалай, қолдана білуге машықтандырып оқытуға бағытталған. Себебі бұл технология тек қана білімді белгілі бір көлемде беріп, қажетті шеберлік пен дағдыны меңгертумен ғана шектелмейді, сонымен қатар баланың жалпы жан-жақты дамуына, ойлау, есте сақтау, қиялдау, елестету сияқты басқа да танымдық-психологиялық қасиеттерінің жақсы үйлесімді дамуына көмектеседі. Осы мақсатта «Сатылай кешенді оқыту» технологиясының негізін қалаған,филология ғылымдарының докторы,профессор,әдіскер-ғалым Нұрша Алжанбайқызы Оразахынованың тікелей өзінің қатысуымен 2014 жылдың 17 наурызында Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясында өзара тәжірибе алмасу мақсатында ауызша командалық көшпелі сабақ ұйымдастырылды. Сабақты №66 мектеп-лицейінен келген 1е сынып оқушылары, арасында 6 жасар оқушылар да бар. Олар сатылай талдау бойынша өз білімдерін ерекше шеберлікпен көрсете білді. Жетекшісі Шалова Роза Мейірбекқызы. Бұл сыныптан үш топ қатысты. Әр топ бес оқушыдан құралған. Оқушылар қазақ тілі, әдебиет және математика пәндері бойынша өз білімдерін көрсетті. Берілген тапсырмалар алдын ала дайындалмаған. Топтарға тапсырмалар сол жерде отырған көрермен оқушылар,яғни мектеп оқушылары өздері беріп отырды. Барлық берілген сөздерді,сандарды ешқандай ойланбастан сауатты түрде жауап беріп,отырған оқушыларды еріксіз таң қалдырды. Сабақ соңында біздің мектептің 5 сынып оқушылары, өздері әлі кішкентай болса да сатылай талдауды жоғары деңгейде меңгеріп, машықтанғандарына өздерінің таң қалғандарын да жасыра алмады.
Бұл технологияның маңызды ерекшелігі – оқушыларды жақсы, жаман, орташа деп бөлмей, тек материалды өте жылдам, жылдам, баяу қабылдауына қарай тапсырманы он деңгейге икемдеп, барлық баланың дамуы үшін қолайлы жағдай туғызуды мақсат тұтады. Оқуда біртегіс өрлейтін саты болу керек. Әрбір тыңнан берілетін білім бұрынғы білгеннің жалғауы, келесі білімнің бастаушысы сияқты болғаны тиіс.