Отрасли
Обсуждения
Новость
Наурыз-достық, еңбек, бейбітшілік мерекесі
Кең болсын қазағымның керегесі,
Кетпесін Алла берген берекесі.
Алаштың баласына нәсіп болған,
Құтты болсын ҰЛЫ НАУРЫЗ мерекесі!
Наурыз – ежелден келе жатқан мейрам. Бұл күні - аспан денелері өздерінің ең бастапқы нүктелеріне келіп, күн мен түн теңеліп, жан-жануарлар төлдеп, адамзат баласының аузы аққа тиетін, жер үстіне шаттық пен бейбітшілік орнаған күн. Ұлыстың ұлы күнінде әрбір жүрекке үкілеген үміт оты маздап, бақыт есігі ашылғандай болып, «аурулар айығамын, аштар тойынамын, лыпасыздар киінемін» деп келешекке сеніммен қараған. Себебі, күн мен түн теңелгенде, жаңа ай толықсып толғанда, тұрмыс пен табиғат жаңарғанда жер жүзі жайнап, көк құт көзін (өсімдік) ашқан. Жер бетіне жақсылық ұялағанда, ұзақ пен жылқышы торғай (Нәуірзек) ұшып келген, жыл жерге түскен, Жер-ана тоң кеудесі жібіп, тас емшегі иіген, Самарқанның көк тасы еріген. Түнгі даланы адамдарға бақ-дәулет дарытатын Қызыр АТА аралаған. Лайым қазақ елі, жері, елбасы аман болсын.
Ақтың молаятын,Жарықтың ұзаратын,
Нұрдың молығатын,
Тіршіліктің жаңаратын.
Тіршілікті оятатын, әзиз Наурыз-әз Наурызы - деп ұлы дүбірге толы Наурыз тойын 10 сыныптарда атап өтті. Сынып жетекшілері Нұрзипа Шағзатханқызы, Замира Шайзатқызы, Рәбіш Төлегенқызы, Салтанат Қосарқызы, Зура Мұқашқызы.Баталы елдің атасы бар,-демекші қазақ жастары бата беруден құр алақан емес екені қуантады. Кезекпен шығып бата жарысына айналғандай болған кеш соңын бір серпілтіп тастағандай өз мәресіне жетті.