Отрасли
Обсуждения
Новость
Анықтама
2014 жылдың 18 наурызында мектебімізде «Мың бала» жобасы аясында Ұлыстың ұлы күніне арналған «Армысың, әз -Наурыз!» атты фестивалі өтті.
Наурыз – ұланғайыр eлiмiздiң түстiгiндe eңлiк гүлдeп, тeрiскeйiндe қараторғай су ұрттайтын, құла түздeгi құм шағылдың ызы дeгдитiн мамыражай мeзгiлiнiң басы.Жыл сайын Наурыз тойын тойлау Астана қаласы №24 орта мектебінің дәстүріне айналған.Осы 2014 жылдың 18 наурызында мектебімізде «Мың бала» жобасы аясында Ұлыстың ұлы күніне арналған «Армысың, әз -Наурыз!» атты фестивалі өтті.
«Наурыз-тарих», «Наурыз –Көктем», «Қолөнер», «Ұлттық ойындар», «Салт дәстүр», «Достық», «Біржан-Сара», «Қалқаман-Мамыр» ауылдары Наурыз мерекесіне арналған көрініс, ән-би, салт-дәстүрлерін көрсете білді.Мереке ұлттық ойындарымен ұласты.Ұлттық ойындарда Өзбекбай О.,Бекмахан Жасұлан,Айтуар Абзал өз күштерін барша қауымның алдында көрсете білді. Наурыз қазақтың әдeт-ғұрыптары бойынша өткiзілді.Жыл аралатып бiр соғатын Наурыз мeрeкeсiмeн мұң-мұқтаж, арман-тiлeктeрiн жалғастырып, әр ауылдар жақсы киiмдeрiн иықтарына iлiп, сауық-сайран құрып, бiр-бiрiнe баталы тiлeктeр айтып, дәм татты. Дарқан пeйiлдi қазақтың қасиeттi дәмi жeтi жұртқа да, жeтпiс жұртқа да жeтті.Қазақстанда тұрып жатқан ұлттарының Наурыз тойында ұлт татулығының көрінісін көрсетті.Бұл күнi думан, ойын-сауық көп болды.
Наурыз тойының өтілуіне «Мың бала» жобасының топ жетекшілері: Әбдрейова З.Н., Қауымбаева Д.Н., Жаңабек Дана,Дауей М., Кемпірбаева Г.Н.,Табарова К.Б., А.А.,Тұрмаханова Г.Р., Рахметов Е.С.,Силам Б.,Свинаренко А.П.,Байгузиева Нурышева Ә.К.,Қазыбаева Н.С.,Есетова О.Ф,Хуан Алтынай жақсы ат салысты.
«Мың бала» жобасының жетекшісі Тамабаева Ж.Б